Путин шын мәнінде кім? Путинге 70 жыл
07-10-2022
Мұхамеджан Сералин (1872-1929)
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, журналист.
Троицкідегі медреседе оқыған (1880)
Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891).
1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды.
1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер,
1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитеттінің төрағасы,
1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының орынбасары,
1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді:
1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады.
2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген.
“Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады.
Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан,
сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915).