«Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы

Oinet.kz 23-02-2024 3030

Заманында ерлігімен – батыр, шешендігімен – би, көсемдігімен абыз атанған әйгілі Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасының ережесі.

Screenshot_8.jpg

1. Жыр мүшәйрасының мақсаты:

    - ұлт тарихындағы елдік және ерлік дәстүрді насихаттау;

    - ел есінде батыр, би, абыз атымен қалған Әлмерек Жаншықұлының өнегесін ұрпақ санасында жаңғырту;

    - Әлмерек Жаншықұлының және оның ел тарихында аты аңызға айналған ұрпақтарының ерлігі мен өрлігінің сабақтастығын таныту ;

    - ұлт әдебиетін терең мағыналы, асқақ рухты жаңа жырлармен толықтыру;

    - ұлт поэзиясына өзіндік үнімен келген дарынды тұлғаларды анықтау және оларды қолдау.

2. Жыр мүшәйрасының шарттары:

    - жыр мүшәйрасына Қазақстан Республикасының барлық өңірінің ақындары қатыса алады;

    - мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

    - поэзиялық шығармалардың ең көлемдісі 9-10 беттен аспауы керек;

    - шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;

    - жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ғана ұсынылады;

    - жыр мүшәйрасына қатысушы ақын өзінің бүркеншік атын, электронды поштасын, телефон нөмірін baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына жазып жібереді. Мүшәйраға қатысушының нақты аты-жөні көрсетілмейді.

3. Жыр мүшәйрасының мерзімі:

    - жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар осы ереже БАҚ-та жарияланған күннен бастап baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына «Әлмерек жыр мүшәйрасына » деген атпен жіберіледі;

    - жыр мүшәйрасына қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 20 сәуірде тоқтатылады;

    - қабылданған шығармалар 2024 жылы сәуірдің 23-іне дейін іріктеледі;

    - іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері 2024 жылы сәуірдің 25-інде анықталады;

    - ең үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та мамыр айына дейін жарияланады.

4. Жыр мүшәйрасының Қазылар алқасы:

    - қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар әйгілі ақындардан құралады;

    - олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;

    - анықталған үздік шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;

    - ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін бөледі.

5. Жыр мүшайрасының бәйгесі:

    - бас бәйге – 1 млн 500 мың теңге;

    - бірінші орын – 1 млн теңге (біреу);

    - екінші орын – 700 мың теңге (екеу);

    - үшінші орын – 500 мың теңге (үшеу);

    - ынталандыру – 200 мың теңге (үшеу);

    - жыр мүшәйрасына түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақылдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.

6. Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

    - Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау Әлмерек Жаншықұлы ескерткішінің ашылу салтанаты кезінде болады. 

    - ең үздік үш шығарма сол күнгі гала- концерт бағдарламасына енгізіледі.

    - марапаттау рәсіміне қатысу шығындары қатысушының есебінен болады.

Ұйымдастырушылар алқасы

«Бүйі қаптаған жаз»: Ғалымбек Елубай
Әдебиеттегі әйел шығармашылығы немесе қаламгер қыздарды құттықтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу