Сайлаубай Жұбатырұлы: «Рухани ахуалымыз кінәратты»

Oinet.kz 04-06-2019 1351

Screenshot_11.jpg

Сөздің қадірі неге жоқ деген сұрақтың астарына үңілсек, қордаланған рухани мәселе қылаң береді. Әсіресе, тіл мен әде­биеттің маңайында жүрген мамандардың шымбайына қатты батып тұр. Кеше былай еді, бүгін неге олай болды деп жиі айтатын бол­дық. Бұл – үздіксіз үдеріс жолына түскен біз секілді жас мемлекет үшін жақсы нәрсе емес. Бұрын орайымен айтылған сөздің жеңіс­ке жетері анық еді, әрі ол қоғамдағы қалыпты жағдай болып есептелетін. Қазір сөздің қадірін бұрынғы кезбен салыс­­тырып бағам­дайтын жағдайға жеттік.

Дейтұрғанмен, сөздің қадірі қал­мады деп шорт кесуге болмас. Тек ақ­ша, дүние, жанбағыс басты орынға шыққан қоғамда сөздің пәсінің түс­кені рас. Екшеп айтылған, тереңінен қоз­ғалған мәселелер тиісті жерге жет­пей, санаға әсер етпей тұр. Бұл қо­ғамдағы рухани ахуалдың кінә­рат­ты екенін тағы да айқындай түседі. Шы­ғармашылық адамы ретінде өз ісіме кейде күмәнмен қарап қа­ла­мын. «Мен не істеп жүрмін, кім үшін жа­зып жүрмін, сөзімнің парқы қан­дай, халық үшін осы керек пе?», – деген ой маза бермейді. Том-том кітап жазған адамдардың әрекет­те­рі­нің бос әурешілік, құр сарсаң болып кө­рі­нетіні де рас. Жазушы ретін­де айт­сам, жазушы мен ақынның сө­зі­нің қоғамдық мәселелердің нақ ше­шімін табуға әсері бір бөлек, адам­­дардың руханиятын жетілдіру, мі­нез-құлқын жөндеу, мәдениетін арт­тыру жақсылыққа біртабан жа­қындату функциясы бір бөлек нәр­се.
Кешегі социалистік реализм ке­зін­де жазылған қып-қызыл ұрандар, кітаптарда айтылатын озық ойлар, қабырғаларға ілінген ұранды сөздер немесе ұлылардың философиялық ойлары халықтың өміріне тікелей ара­ласып кеткен еді. Біз сондай сөз­дер­дің тәрбиесінде өстік. Қазір адам­дарға сөзбен әсер ете алмайсыз, демек қоғамда проблема бар. Таяқ­тың екі ұшы секілді бұл мәселенің де екі жағы бар. Мүмкін біз қоғамның ең өзекті, дәл қазіргі уақыттың тала­бы­на сай мәселесін дөп басып айта алмай жатқан болармыз. Әрине, бұл ретте көпке топырақ шаша алмайсыз, оқырманды да кінәлай алмаймыз.
Сөз адами болмысымыздың алтын діңгегі іспеттес. Заратуштра адам болмысын үш-ақ ауыз сөзбен бей­нелейді. Ізгі ой, ізгі сөз, ізгі амал әре­кет. Осыдан артық адами болмыс­тың формуласы жоқ секілді. Ой біздің іші­міздегі әлем, ал ісіміз ішкі ойымызды анықтап көрсететін құбылыс, ал сөз осы екеуінің арасын жалғайтын алтын көпір. Біз қазір сөз тыңдалмай қал­ған жағдайда қалып тұрмыз. Он­дай кезде ойымыз да, ісіміз де толық деп айта алмаймыз. Осы үш алып дің­гектің біреуі жоғалған жағдайда бі­реуі ақсайтыны сөзсіз. Сөздің қа­дірі кетіп тұрған соң «Қарнымның аш­қанына емес, қадірімінің қаш­қа­нына» қынжылатын күйдеміз.

Сайлаубай Жұбатырұлы,
жазушы

Дулат Исабеков: «Сөз бар, құлақ жоқ, құлақ болса, құлық жоқ»
Сая Қасымбек. Күзгі романс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу