Мұхтар Шерім: Еркек болып туғаныма шүкір (сатира)

Oinet.kz 19-06-2022 1110

Бүгін сатирик фейсбук әл.желісінде Сатирабек Снайпер псевдонимімен танылған Мұхтар Шерімнің "Еркек болғаныма шүкір" дейтін жазбасын ұсынып отырмыз.

Screenshot_1.jpg

    Еркек болып туылғаныма ше, қуаныып кетемін! Мүлт кетіп, қыз болып жаратылғанымда ше? Құдайым–ау, тойға баратын болсам, шашымды сарыға боятып, жігітіме деген махаббатымды оятып, тырнағымды өсіріп, жігітім ұнамай қалса, түкіріктеп  өшіріп, гүлдей жайнап, жалп–жалп, сағыз шайнап, тізеден жоғары көйлегімді денеме жабыстырып, өзімді Мадоннамен салыстырып, калготкиімді балтырыма тартып жатқанымда, тырнағым тиіп кетсе, долданып, қолтығыма бүркетін CHANEL, CENZO, OBSESSION–дердің бірін қолданып,  «нөлевой» төсіме төңкерілген каучукті жасырып, қулығымды сөйтіп асырып, сылаң–сылаң, бұраң–бұраң етіп, тойларда тайраңдамаймын ба? Билеген кезде, жігіттің алдына отыра кетіп, небір анайы қылықтар көрсетіп, жұрттың есінде қалмаймын ба? Содан, ернімді үлкейткім келіп, арнайы жерге бармаймын ба?

    – Ернімді семіртіп берсеңіз?

    – Маймыл ерін бе, есек ерін бе?

    – Жоға, адамның еріні.

    – Астыңғы ерніңіз иегіңізге салбырап тұрсын ба?

    – Ойбай, керек емес,

    – Ерініңізге филлер яғни гиалурон қышқылын егейін бе, әлде, ота жасатасыз ба?

    – Басқа қандай түрі бар екен?

    – Өз майыңызды сорып алып, ерніңізге айдаймыз.

    – Менің майым көп. Бір шелектей. Келісемін.

    Содан, ерніме қарасам, құдайым–ау, бетім жоқ! «Ерніңіз онсыз да әдемі екен, неғыласыз бүлдіріп?» – деген кеңесіне кердең ете қалып едім. Бетімнің бәрін ерін алып жатыр.  Енді, осыған сай етіп, бөксемді үлкейткім келді.

– Бөксемді кішігірім қазандай етсеңіз,-деп сұрадым мен.

– Қалай?

– Ия, «дутый».

– Глютепластиканың қай түрін қалайсыз? Өз майыңызды сорып, бөксеге айдау, немесе импланет салу.

    Соңғысымен келістім. Құдайым–ау, екі күннен кейін  «Дутый» жамбасымның бір жағы екіншісінен озып, ісініп кетті. Отырсам болды, қисайып кетемін.  «Вампері майысқан» машина сияқты болдым да қалдым! Дәрігерге келдім.

– Ағай, жамбастарым ағалы–інілі сияқты болып қалды ғой?

– Ескерттім ғой, қазақ қыздары, мұндайға неге әуес боласыңдар деп?

– Жұмысыңыз болмасын! Екі жамбасымды да, бірдей етіп беріңіз! 

– Сіз... Кешіріңіз, шалбар кигенде, бір жамбасыңызға кішігірім  жастық салып...

– Жүрейін сол, жастық салып!,- деп кетіп қалдым. Қиялым ғой. Құдайым–ау, еркек болып жаратылғаныма шүкір!

Торғын Жолдасбекқызы: Адам арбада отырса да мүмкіндігі шектелмейді
Мұхтар Шерім: Сені сағынып өлетін болдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу