Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жер сыйын ал
Қазақ үшін қол жетпес байлық, ұлы бабалардың ұстазы мекендеген.
Созақ өңіріндегі алып тұлғалардың еңбегі өтелмеген.
Ауыз екі естіседе аттарын, жақын тұрып көрмегендер арманда.
Жолдан жырақ алыстау мүмкіндік жоқ, сары уайым шегеді жетем деген.
Еленбестен тұрмасын әлемге әйгі ұлылар.
Талпынып тәу етпесек тәңірі қайдан бұрылар.
Ұрпағы кіріп бас иіп әлем көрсін мазарын.
Өлі разы болмаса денеміз кімнен жылынар.
Ұқсастық, жақын тұрған екі үйдің баласына
Үзілгендей қатынас екі әулие арасында.
Ұлылардың ұлысы кем түспес пайғамбардан.
Қалмайық Қазақ бүкіл, бабалар наласына.
Шашты әзиз Ысқақ бабтан алған кеңес.
Қызыл көлден мазарлар алыста емес.
Кезінде ел билеген алыптардан.
Жадында адамзаттың қалды елес.
Жері нәрлі емге дәрі лайына таласуда.
Асырып пайдасына өңірлер арасында.
"Аурудың емі саудың сәлемі"
Емге көпір жасауда мүсәпір шарасызға.
Екі баба жан-жақтан қорғаушы бар.
Қысылғанда әрекет ойдан шығар.
Қона жатып басына тәуетер еді.
Болса деп бойға жұғып тәнге құнар.
Санаторий салынса Қызыл-көл жағасына.
Киелі жер дауа еді аурудың жарасына.
Күтіп жүрген көпшілік жетері анық.
Ниетті жақсылыққа бәрі асыға.
Ем дом алып тәу етсе жарасуда.
Жан бітірсе қара лай, қара суға.
Құдай берген байлықты бағалайық.
Жол бермейік алыстан байлық аңсап
барды елемей жоқты іздеп таласуға.
Жақын түгіл шеттен келіп емделер.
Жеріне Созақ, жер жоқ сірә тең келер.
Төбесінен қарап тұр Шашты азиз бен Ысқақ баб.
Болса азамат қолға алып меңгерер.
Өтседағы уақыт ғасырдан ғасырға.
Енді кезі келгендей асудан асуға.
Жақсыларым көз салып қолына алса.
Баталы өңір жол ашар бар асылға.
29. 07. 2020.ж