Ханс Кристиан Андерсен. Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн (ертегі)

Oinet.kz 28-07-2020 717

Ханс Кристиан Андерсен

Ал, кәне, мен саған ертеде болған бір оқиғаны айтып берейін. Мен оны бала күнімде естіп едім. Содан бері сол әңгіме есіме түскен сайын жасара беретін тәрізді. Әңгіме де адам тәрізді ғой: олардың тіршілігі жасы ұлғайған сайын кемелденіп, ақыл-парасаты толыса түседі, оған да шүкіршілік.

Сен, әрине, деревняда болған шығарсың, шатырына сабан жапқан кәдімгі шаруалар үйін де көрдің ғой. Мұндай үйлердің төбесіне мүк пен алабота өсіп кетеді, ал итарқасына құтан ұя салады, ләйлексіз үй үй бола ма! Қабырғалары бір жағына қисайып кеткен, терезелері сығырайған кіп-кішкентай, оның да біреуі ғана ашпалы-жаппалы, ас үйдегі қазан пеші семіз адамның қарнындай шермиіп, қампайып кеткен: шарбаққа асыла бір шоқ аю бадам өсіп тұр, буылдықты-бунақты қызыл шілік шалшықтау қара суға мұртын малып тұр, онда балапандарын шұбыртып жүзіп жүрген үйректер. Бұл үйде ит те бар, ол үнемі шынжырлаулы, сондықтан жалғандағы жан біткеннің бәріне барқылдап үреді де тұрады.

Деревнялардың бірінде дәл осындай бір үй бопты, онда ерлі-зайыпты кемпір мен шал шаруа тұрады екен. Дәулеті шағын болса да, тапқан-таянғанынан ол-пұл бірдеме артылып қалатын. Мәселен, оларға жалғыз аттың да оншама қажеті бола қоймайтын, өйткені оған деген жұмыс та жоқ, ертеден қара кешке дейін жол бойындағы сайдың жағасында тентіреп текке жайылып жүретін. Рас, кейде қожайын атына мініп шаһарға барып келетін; кейде көршілері сұрап мініп, майын өтеу үшін кәкір-шүкір шаруаларына қолғабыс тигізіп кететін, бірақ асылы, сол атты не сатып, немесе пайдалырақ бірдемеге айырбастап жіберсе де ештеңе етпес еді. Бірақ неменеге айырбастаған жөн?

− Әкесі, сауда-саттық жағына менен гөрі тиянақтысың ғой, – деді бір күні бәйбішесі күйеуіне. Қазір шаһарда жәрмеңке болып жатқан кез. Атты сонда апарып не сатып кел, не шаруаға себі тиетін бірдемеге айырбастап жібер! Жөн таппаған жерің жоқ. Жолың болсын!

Сөйтті де, ол күйеуінің мойнына орамал байлауды, ол күйеуінен әлдеқайда жақсы білетін, қалай болса солай орай салмай, алқымынан екі шалып байлады; өте жарасымды, өте сәнді боп шықты. Сосын әйелі күйеуінің қалпағын алақанымен сипап, шалын жып-жылы ернінен сүйіп алды. Күйеуі не сатылып, не айырбасқа түсетін әлгі атына мініп алды да, жолға шықты. Сауда-саттыққа келгенде одан білгір адам жоқ!

Күн шыжып тұр, аспанда шөкімдей де бұлт жоқ. Жол үсті бұрқыраған шаң, жәрмеңкеге ағылған адам: салт мінгені, арбалысы, өзінің қос жорғасына жалынғаны бар, анталаған халық. Ми қайнаған аптап күн шыжғырып әкетіп барады, сая табар бір көлеңке жоқ. Қария жол үстінде сиыр айдап бара жатқан біреуді көрді, сиыры сондай әдемі, бұл жалғанда одан өткен сұлу сиыр болмаған шығар.

«Сүті де тамаша болу керек, – деп ойлады қария. Айырбастап жіберсем, есебіме дәл келейін – деп-ақ тұр».

− Әй, сиыр айдаған жігіт, тоқтай тұршы! – деп айқайлады ол анадайдан. – Тілге кел! Ат деген жарықтық, сиырдан қанша асыл, қаншама қымбат болса да, маған әсіресе сиыр қат. Айырбастасақ қайтеді, ә?

− Несі бар, айырбастасақ айырбастайық, – деді сиырдың иесі. Айырбас жасалды да қалды.

Сөйтіп шаруа бір істі тындырып, көңілі жай тапты, енді үйіне қайта берсе де болатын еді, бірақ шаһарға барғысы келіп кетті, сондықтан жәрмеңкені анадайдан болса да бір көріп қайтпақ үшін, сиырын жетелеп әрман асты.

Шаруа да бір сыдырғы аяңшыл еді, сиыры да қалысатын емес, өңкеңдеп ереді де отырады, сөйтіп олар көп ұзамай қой жетелеген бір адамды қуып жетті. Қойы әрі семіз, әрі жүндес екен.

«Шіркін, осындай бір қойым болса ғой! – деп ойлады шаруа. Жаздыгүні оған есік алдындағы сайдың бойының бәрі от, ал қысқа қарай үйде ұстауға да болады. Шындап ойлап қарағанда, бізге осы сиырдың керегі не? Одан да қой жақсы».

− Әй, сен өзің қойынды сиырға айырбастауға қалай қарайсың? – деп айқай салды ол.

Қойдың қожасы сөзге келместен көне кетті, сөйтіп шаруа шал қойын жетелеп ілгері тартты. Кенет тоғыз жолдың торабында қолтығына қысқан дәу қазы бар бір адамға көзі түсті.

− Сабаз, қазың қаздың төресі екен, – деді шаруа, ерітсе майы, жұлса мамығы да мол! Шалшығымыздың жағасына аяғынан арқандап қойып, анда-санда қара суға жүздіріп алса қандай ғаламат болар еді. Кемпірім де қалған-құтқанды текке төкпей, осыған жинап бермей ме. Жақында ғана: «Шіркін-ай, қаз болса ғой біздің үйде!» – деп отырғанын да құлағым шалған. Қазыңды айырбастайсың ба өзің? Қазыңның орнына қой берейін, ол аз болса алғысымды айтайын! Сәті түсіп тұрғанында әйеліме қаз апарып берейін де...

Қаздың иесі келісе кетті, сауда сақал сипағанша ғой.

Шаһар тіпті жақын қалды, жол бойы құжынаған адам мен мал арасынан өтіп болмайды. Жолаушылардың біреуі жолмен, біреулері жол жиегіндегі сай табанымен, енді біреулері жол ақы жинайтын салықшының картоп танабын баса-көктеп шұбырып барады. Картоп арасында салықшының арқандаулы тауығы қыт-қыттап шұқынып жүр екен, оны шұбырма жұртпен ілесіп кетпесін деп байлап қойса керек. Мұның өзі сырт көзге сондай әсем, шолақ құйрық тамаша тауық еді. Жұртқа шекесінен қарап, бірдеме дегендей қыт-қыттап қояды, бірақ оның қыт-қыттап жүріп не айтып тұрғанын адам түсінбейді! Оны көре сала шаруа тағы бір ақылды шешімге келді: «Осы жасқа келгенде, дәл мұндай әсем тауықты көруім бірінші рет! Өзі тіпті біздің имамның мекиенінен де сұлулау ма қалай? Шіркін, осындай бір тауығым болар ма еді! Тауық деген өз тамағын өзі асырайтын хайуан ғой, қолға түскен нәрсені тұмсығымен шоқып алып жей береді. Өзін қазға айырбастап алсам жаман болмас еді-ау».

− Кел, айырбас жасайық, – деді шаруа салық жинаушыға.

− Айырбастайық дейсің бе? Оған мен қарсы емеспін, – деді анау. Сөйтіп олар айырбас жасап жіберді. Салық жинаушы қазды алды, шаруа тауық алды.

Жол-жөнекей көп жұмыс тындырып, шаруа да шаршайтын кезі болды, күн де қайнап барады. Бір жұтым бірдеме ішіп жіберіп, бірдеме тістеп әл жинап алса да жаман болмас еді. Талабына қарай шайхана да жанында екен. Шал солай қарай бұрыла берем дегенде, есік алдында қап арқалаған бір малай жолыға кетті.

− Арқаңдағы не? – деп сұрады шаруа.

− Шіріген алма ғой, – деді анау. Шошқаларға берейін деп бір қабын жинап алып ем.

− Япырмай, ә! Қалай көп өзі! Менің кемпіріме көрсетер ме еді! Былтыр өзіміздің шошаламыздың жанындағы алма ағашынан не бәрі жалғыз алма алдық; сақтап қояйық деп, сандыққа сала салсақ, онымыз да шіріп кетіпті. Сонда кемпірімнің: «Шірік алма болса да, әйтеуір, ырыздық қой!» дегені бар. Ырыздықтың қандай болатынын мына алманы апарғанда көрер еді-ау, ә! Апарып беріп сауабын алсам, қандай ғажап болар еді! Оған мынау алманы апарып көрсетудің өзі мен үшін үлкен ғанибет қой!

− Ал сен бір қабына не берер едің? – деп сұрады малай.

− Не беруші ем? Мына тауығымды берем!

Шаруа тауығын малайға берді де, алмасын арқалап сол арада шайханаға кіріп, түрегеп тұрып жұта салатын жеріне барды. Бір қап алмасын, жанып тұрғанын байқамай пешке сүйей салды. Шайханада адам лық толы екен алыпсатарлар, делдалдар, мал сатып кәсіп қылушылар бәрі бар; тіпті бір-екі ағылшын да отыр, өздері шылқыған бай, қалталары толы алтын. Олар сол арада бәс тігісті. Оның жайын қазір айтып берейін.

Апыр-ау, пештің түбінде шыжылдап жатқан немене болды екен?

Ойбай, әлгі алма ғой отқа қарылып пісіп қалған! Қайдағы алма? Сол арада қарияның алдымен атын сиырға айырбастағаны айырбастай-айырбастай, ақыры ол аттың орнына шіріген алма ғана қалғаны жайлы хикая жұртқа түгел пәш болды.

− Бәлем, үйіңе барғасын кемпірің сыбағанды берер! – деді ағылшын. Мойныңды жұлып алмаса неғылсын.

− Жұлып алмайды, қайта құшақтайды мойнымнан, – деді шаруа. – Менің кемпірімнің ылғи аузынан тастамайтын мәтелі бар: «Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн!» дейді ол.

− Кәне, бәс тігіселік, – деді ағылшын ерегісе кетіп. – Бір кеспек алтын тігем.

− Бір қапшық болса да жарайды ғой, – деді шаруа. – Ал мен өз тарабымнан тек бір қап алма мен кемпір екеуімізді қоса тігем, сол да артығымен жетеді.

− Келістік! – деп айқайлап жіберді ағылшын. Шайханашының арбасына ағылшындар да, шіріген алмасымен бірге қарт шаруа да бәрі де сыйып кетті. Олар салып отырып шаруаның үйінен бір-ақ шықты.

− Сәлемет пе, шешесі!

− Өзіңе де саулық тілеймін, әкесі!

Шаһар тіпті жақын қалды, жол бойы құжынаған адам мен мал арасынан өтіп болмайды. Жолаушылардың біреуі жолмен, біреулері жол жиегіндегі сай табанымен, енді біреулері жол ақы жинайтын салықшының картоп танабын баса-көктеп шұбырып барады. Картоп арасында салықшының арқандаулы тауығы қыт-қыттап шұқынып жүр екен, оны шұбырма жұртпен ілесіп кетпесін деп байлап қойса керек. Мұның өзі сырт көзге сондай әсем, шолақ құйрық тамаша тауық еді. Жұртқа шекесінен қарап, бірдеме дегендей қыт-қыттап қояды, бірақ оның қыт-қыттап жүріп не айтып тұрғанын адам түсінбейді! Оны көре сала шаруа тағы бір ақылды шешімге келді: «Осы жасқа келгенде, дәл мұндай әсем тауықты көруім бірінші рет! Өзі тіпті біздің имамның мекиенінен де сұлулау ма қалай? Шіркін, осындай бір тауығым болар ма еді! Тауық деген өз тамағын өзі асырайтын хайуан ғой, қолға түскен нәрсені тұмсығымен шоқып алып жей береді. Өзін қазға айырбастап алсам жаман болмас еді-ау».

− Кел, айырбас жасайық, – деді шаруа салық жинаушыға.

− Айырбастайық дейсің бе? Оған мен қарсы емеспін, – деді анау. Сөйтіп олар айырбас жасап жіберді. Салық жинаушы қазды алды, шаруа тауық алды.

Жол-жөнекей көп жұмыс тындырып, шаруа да шаршайтын кезі болды, күн де қайнап барады. Бір жұтым бірдеме ішіп жіберіп, бірдеме тістеп әл жинап алса да жаман болмас еді. Талабына қарай шайхана да жанында екен. Шал солай қарай бұрыла берем дегенде, есік алдында қап арқалаған бір малай жолыға кетті.

− Арқаңдағы не? – деп сұрады шаруа.

− Шіріген алма ғой, – деді анау. Шошқаларға берейін деп бір қабын жинап алып ем.

− Япырмай, о! Қалай көп өзі! Менің кемпіріме көрсетер ме еді! Былтыр өзіміздің шошаламыздың жанындағы алма ағашынан не бәрі жалғыз алма алдық; сақтап қояйық деп, сандыққа сала салсақ, онымыз да шіріп кетіпті. Сонда кемпірімнің: «Шірік алма болса да, әйтеуір, ырыздық қой!» дегені бар. Ырыздықтың қандай болатынын мына алманы апарғанда көрер еді-ау, ә! Апарып беріп сауабын алсам, қандай ғажап болар еді! Оған мынау алманы апарып көрсетудің өзі мен үшін үлкен ғанибет қой!

− Ал сен бір қабына не берер едің? – деп сұрады малай.

− Не беруші ем? Мына тауығымды берем!

Шаруа тауығын малайға берді де, алмасын арқалап сол арада шайханаға кіріп, түрегеп тұрып жұта салатын жеріне барды. Бір қап алмасын, жанып тұрғанын байқамай пешке сүйей салды. Шайханада адам лық толы екен алыпсатарлар, делдалдар, мал сатып кәсіп қылушылар бәрі бар; тіпті бір-екі ағылшын да отыр, өздері шылқыған бай, қалталары толы алтын. Олар сол арада бәс тігісті. Оның жайын қазір айтып берейін.

Апыр-ау, пештің түбінде шыжылдап жатқан немене болды екен?

Ойбай, әлгі алма ғой отқа қарылып пісіп қалған! Қайдағы алма? Сол арада қарияның алдымен атын сиырға айырбастағаны айырбастай-айырбастай, ақыры ол аттың орнына шіріген алма ғана қалғаны жайлы хикая жұртқа түгел пәш болды.

− Бәлем, үйіңе барғасын кемпірің сыбағанды берер! – деді ағылшын. Мойныңды жұлып алмаса неғылсын.

− Жұлып алмайды, қайта құшақтайды мойнымнан, – деді шаруа. – Менің кемпірімнің ылғи аузынан тастамайтын мәтелі бар: «Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн!» дейді ол.

− Кәне, бәс тігіселік,– деді ағылшын ерегісе кетіп. Бір кеспек алтын тігем.

− Бір қапшық болса да жарайды ғой, – деді шаруа. – Ал мен өз тарабымнан тек бір қап алма мен кемпір екеуімізді қоса тігем, сол да артығымен жетеді.

− Келістік! – деп айқайлап жіберді ағылшын. Шайханашының арбасына ағылшындар да, шіріген алмасымен бірге қарт шаруа да бәрі де сыйып кетті. Олар салып отырып шаруаның үйінен бір-ақ шықты.

− Сәлемет пе, шешесі!

− Өзіңе де саулық тілеймін, әкесі!

− Сөйтіп, мен, атты айырбастап жібердім.

− Ондайға келгенде менің шалым мүлт жібермейді ғой, – деп, кемпірі бір қап алманы да, бөтен адамдарды да көзге ілместен, шалына құшақ жая ұмтылды.

− Атты мен сиырға айырбастап жібердім.

− Тәңірге шүкіршілік, – деді әйел. Бұдан былай дастарқанымызда сүт те, май да, ірімшік те болатын болды ғой онда. Айырбасың орнына келген-ақ екен!

− Солайы солай ғой, бірақ мен сиырды қойға айырбастап жібердім-ау.

− Тіпті жақсы жасаған екенсің, – деп мақұлдады кемпірі. Әр нәрсенің жөнін біледі деп айтып едім ғой әлдеқашан. Қойға жететін азық бар ғой бізде. Қойдың сүтін ішіп, ірімшігіне бір тоятын болған екенбіз, жүнінен шұлық тоқырмын, тіпті жылы күрте де шығып қалар! Сиыр жарықтықта жүн бола ма, тәйірі, түлеген кезде бір тал да қалдырмай сүйкенумен бітіреді ғой. Ақылыңнан айналайын сенің!

− Солайы солай ғой, бірақ мен қойды қазға айырбастап жібергем.

− Апырмай, әкесі-ай, қасиетті Мортен тойында шынымен-ақ қаз соятын болдық па? Әйтеуір, менің бабымды табуға шеберсің-ау! Ретін тауып кеткен екенсің! Қаз деген бақсаң да, бақпасаң да, әйтеуір, мейрамға дейін өзінен-өзі семіріп шығады ғой.

− Солайы солай ғой, бірақ мен қазды тауыққа айырбастап жібергем, – деді шалы.

− Тауыққа дейсің бе? Шіркіннің сәті түскен екен! – деп кемпірі қуанғаннан айқайлап жіберді. Тауық деген көп-көп жұмыртқа табады, сосын балапан басады, көр де тұр, әлі қорамыз толы тауық болмаса маған кел! Қашаннан бері тауық асырауды арман етіп келіп ем.

− Солайы солай ғой, бірақ тауықты мен бір қап шіріген алма берген адамға беріп жібердім.

− Апыр-ай, бетіңнен бір сүйейінші! – деп мәз-мейрам болды кемпір. Міне, бұл үшін қанша алғыс айтсам да көп емес! Енді мен айтайын, сен тыңда: сен жол жүріп кеткен соң, мен өзіме дәмдірек тамақ істейін деп, жуа қосып жұмыртқа қуырайын деп едім. Жұмыртқам болса да, жуам болмай қалды. Сосын мен мұғалімдікіне бардым; бірақ оның әйелі кесіп алса қан шықпайтын сараң, ал соған қарамай, жаны ізгі адам боп көрінгісі келетінін білем ғой. Сонда да одан жуаның жалғыз ғана түйірін қарызға сұрағаным.

− Бір тал жуа дейсіз бе? – деп ежіктеп қайта сұрады ол. Ойбай-ау, біздің бақта ештеме өспейтінін білмейсіз бе? Сізге беретін шірік алмам да жоқ, керек болса! – деп азар да безер болды. Енді бәлем, мен оған бір емес, табаны күректей он шірік алма апарып берейін. Онысы несі! Тіпті бір қабын берейін, бәлемге! Мұғалімнің әйелін сөйтіп бір күлкі қылмасам ба! – деп әйелі күйеуінің аузынан сүйіп алды.

− Мәссаған, безгелдек! – деді ағылшын. Жоқшылық қыспаққа алса да, қысылудың орнына қыңқ етпейтін осы әйелді көрдім. Мәз болмайтын нәрсесі жоқ. Мұндайдан ақша аяуға бола ма!

Олар табан аузында шаруамен есеп айырысты: өйткені ол күйеуінің мойнын жұлып алудың орнына, құшақтап тұрып сүйіп алды ғой. Олар ақша дегенді тау ғып үйіп тастады.

Иә, әйелі ылғи осылай өз күйеуін өзінен әлдеқайда ақылды деп ұғып, не қылса да көнер болса, одан пайдадан басқа зиян шеге ме.

Әңгіменің бас-аяғы осы. Бұл әңгімені мен баяғы бала кезімде естіп едім. «Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн!» дегенді енді сен де естідің.

Ханс Кристиан Андерсен. Шынайы шындық (ертегі)
Ханс Кристиан Андерсен. Корольдің жаңа жасауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу