Нұрлан имам АҚШ президенті қатысатын қайырымдылық іс-шараға шақырылды

Oinet.kz 10-02-2026

Қазақстандық имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президентінің қатысуымен өтетін қайырымдылық іс-шарасына арнайы шақырту алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

image.png

Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтон қаласында ұйымдастырылатын дәстүрлі Таңғы ас рәсіміне қатысу үшін арнайы барған. Оның айтуынша, биыл 74-рет өтетін бұл іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуы жоспарланып отыр. Сондай-ақ жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен екі мыңға жуық танымал тұлға жиналады.

«АҚШ астанасы Вашингтонда өтетін 74-ші дәстүрлі Таңғы ас рәсіміне келдім. Бұл — АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі қатысатын, әлемнің әр түкпірінен келген тұлғаларды біріктіретін алқалы басқосу», – деп жазды ол.

Имам өз жазбасында жастарды білім мен ғылымға, мәдениет пен өркениетке ұмтылуға шақырып, ұлттық құндылықтар мен имандылықты қатар ұстанудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, Нұрлан Байжігітұлы бұған дейін де Вашингтон қаласында өткен қайырымдылық Таңғы ас рәсіміне қатысқан.

Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып барған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу