Президент Денсаулық сақтау саласындағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істерді айтты

Oinet.kz 10-02-2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласында бюджет қаражатын игеру кезінде орын алған заңбұзушылықтардың негізгі себептерінің бірі – 30-дан астам ақпараттық жүйенің бір-бірімен байланыспай жұмыс істейтінін айтты деп жазады  Оinet.kz.

image.png

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салалық министрліктердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық әрекеттер орын алғанын атап өтті.

— Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыру бұрын қанша талап етілсе де жүзеге асырылмады. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себебі – осы, — деді Тоқаев.

Президент Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдарға істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауды міндеттеді.

— Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары қылмыстың қашан жасалғанына немесе оны кімдер жасырғанына қарамастан, тергеуді толық жүргізуі керек. Мен тергеуді өз бақылауымда ұстаймын, — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құруды тапсырды. Бұл жүйе барлық үдерістерге бақылау жасап, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын ашық әрі тиімді етеді.

— Жалпы, Бас прокуратура мен құқық қорғау мекемелері барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң аясында жауапқа тартуы тиіс. Білім саласында да алаяқтық әрекеттер анықталды. Үкіметке жыл соңына дейін Қордың жұмысын толық цифрландыруды тапсырамын. Сонда ғана жұмыс ашық жүргізіледі, қаржы тиімді жұмсалады, — деді Президент.

Нұрлан имам АҚШ президенті қатысатын қайырымдылық іс-шараға шақырылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу