Атырау әуежайында жарылғыш заттың кесірінен жолаушылар эвакуацияланды

Oinet.kz 09-02-2026

Жолаушының әзіл-қалжыңы Атырау әуежайында эвакуация мен рейстердің уақытша тоқтауына әкелді. Арнайы тексеру барысында жарылғыш зат туралы хабар жалған деп танылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Оқиға «Атырау–Алматы» бағытына тіркелу кезінде орын алған. Әлеуметтік желілерде жолаушыларды эвакуациялау сәті түсірілген видео тарады. Кейін бұл ақпарат Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі арқылы ресми түрде расталды.

Мәліметке сәйкес, ер адам тіркелу кезінде қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, көрінеу жалған ақпарат таратқан. Арнайы қызметтердің тексеруі барысында бұл дерек расталмаған.

Аталған факті бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Әуежай жұмысы тексеру аяқталғаннан кейін қалыпты режимде жалғасқан.

Мамандар мұндай «әзілдің» ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

БАӘ-де 4 апартамент, 6 көлік: «Актив Ломбард» иесі Сергей Койновтың мүлкі тәркіленді
Министр: Буллинг үшін мектеп директорларын жұмыстан шығару орынсыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу