Құлсарыда сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған оқушы мектепке барып жүр

Oinet.kz 10-02-2026

Құлсарыда мектепте оқушыға балтамен шабуыл жасаған жасөспірім сабаққа келіп жүр. Сот оны үйқамақта қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі. 

image.png

Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасы мәлімдеді. Оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Зардап шеккен екі оқушы ем қабылдап жатыр.

Айта кетерлігі, оқушы мектепке апарған балта әзірге табылған жоқ. Сонымен қатар жасөспірімнің ауылдар арасындағы төбелестерге қатысы бар-жоғы да тексерілуде. Бұл жайт бойынша нақты қорытынды әлі жасалмады. 

"Тергеу аяқталған соң түпкілікті шешім қабылданады", – деді Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуов.

 Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін оқушылар бір-бірімен дос болған. Алайда олардың біреуі араласатын ортасын өзгерткеннен кейін арада жанжал туындаған. 

Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданған. Тергеу аяқталған соң барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

 Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі қосымша тексеру жүргізу үшін өңірге арнайы комиссия жіберуді жоспарлап отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға балтамен шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы ақпарат тарады.

Нұрлан Сабуров Ресейге алғысын білдірді
Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып барған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу