Нұрлан Сабуров Ресейге алғысын білдірді

Oinet.kz 09-02-2026

Стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде өзіне қатысты соңғы жағдайға байланысты алғаш рет ресми мәлімдеме жасады деп жазады Оinet.kz.

image.png

Instagram парақшасында жарияланған жазбасында ол стендап-комик ретіндегі қызметін шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбург қаласында бастап, кейін Мәскеуде жалғастырғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында Ресейдің көптеген өңірлерінде өнер көрсетіп, көрермендердің жылы ықыласына ие болғанын айтты. 

«Шығармашылық дамуыма мүмкіндік берген, өнер адамы ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге ризамын. Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория жинадым», – деді ол.

Сондай-ақ Сабуров қалыптасқан ахуалға түсініктеме беруден бас тартатынын айтып, мәселе заң аясында қаралатынын жеткізді.

«Қалыптасқан жағдайға пікір білдірмеймін. Бұл мәселемен заңгерлер айналысады, ал уақыт бәрін өз орнына қояды», – деді ол.

Әзілкеш сөз соңында журналистер мен блогерлерді өзінің және отбасы мүшелерінің жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей билігі Нұрлан Сабуровтың ел аумағына 50 жыл мерзімге кіруіне тыйым салғаны хабарланған.

Министр: Буллинг үшін мектеп директорларын жұмыстан шығару орынсыз
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу