Тоқаев Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтті

Oinet.kz 10-02-2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мен бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі соңғы 30 жылда Қазақстанның жеткен жетістіктерінің негізі екенін атап өтті.

image.png

Мемлекет басшысы Конституция еліміз тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданғанын, сол кездің қиындықтары құжатта сақталғанын айтты.

"Әрине, қазіргі Конституциямыздың мән-маңызын ешкім жоққа шығармайды. Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұрғаны сөзсіз. Бұл тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің арқасы. Дегенмен бұл құжат еліміз енді ғана еңсесін тіктей бастаған кезде қабылданғанын ескерген жөн. Онда Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын күндердің ізі бар. Солай болуы да заңды”, – деді Тоқаев. 

Сондай-ақ Президент, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан адам танымастай өзгергенін айтты.

Сол кезден бері еліміз адам танымастай өзгерді. Болашағымызға көбі күмәнмен қараса да, Қазақстан халықаралық беделі жоғары, мықты мемлекетке айналды. Қазір әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық, технологиялық ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстан да көптеген өзгерісті бастан өткерді. Бұл өзгерістер ұлт санасына ықпал етті, тіпті, зор сілкініс әкелді десек, қате болмас.  Сондықтан еліміздің мақсат-міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын заман талабына сай, конституциялық деңгейде жаңғырту айрықша маңызды”, – деді президент. 

Жазушылар Одағынан шу шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу