Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Oinet.kz 09-02-2026

Еліміздің экс бірінші ханымы Сара Назарбаева 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласындағы Президент істері басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде ем қабылдады. Бұл туралы Оinet.kz порталы Іnformburo.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Аталған мәліметке сәйкес, Сара Назарбаева қаңтар айында стационарлық емнен шығарылып, амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Бұған дейін Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның 2025 жылдың сәуір айында госпитальға жатқызылғанын хабарлаған болатын. Осы кезеңде бейресми дереккөздер мен жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында оның денсаулығына қатысты әртүрлі ақпарат тараған.

Медициналық мекеме мәліметінше, науқастың денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді.

Осылайша, 84 жастағы Сара Назарбаева медициналық мекемеде шамамен он ай ем қабылдаған.

Ақорданы басып алмақ болған. Бес белсендінің ісі сотта қаралып жатыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу