Шымкенттің бұрынғы прокуроры Астанаға ауысты
2021 жылдан бері Шымкент қаласының прокуроры қызметін атқарған Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайлы Оinet.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ғабит Мұқанов әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, сондай-ақ Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы болған.
Ғабит Мұқанов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Ал Шымкент қаласының прокуроры болып Елдос Сағиев тағайындалғанын жазған едік.


