Жұмекен Нәжімеденов: Көремісің, көз?
24-08-2020
Естігенде аспан жайлы ертегі,
Қиял теңіз бір шайқалып қалатын.
Жүрегімді қуанышты үн шертеді,
Арман, арман, қақты биік қанатын.
Болат топшы ұшты тағы заулады,
Бір сөткеде келді әлемді аралап.
Дос сүйсінді, сескендірді жауларды,
Елі қайта құшты ер ұлын аялап.
Елім асқан Космостағы шындарға,
Дүр сілкініп дүние қарап тұрды ұйып.
Қашан-дағы дес бермеген сындарда,
Сүйікті Отан, сен көтерген ту биік.