Жұмекен Нәжімеденов: Көремісің, көз?
24-08-2020
Мынау дүние өте кең,
Кеңдікте неге ойламан.
Жастық жалын от екен,
Өзекті шарпи бойлаған.
Өмір — дария, тұнықсың,
Естіртеді күй маған.
Жаныңды әр кез кім ұқсын,
Сол ғой кейде қинаған.
Менде дос бар, бауыр бар,
Жандар бар көңіл толмайды.
Соққанмен жұлқып дауылдар,
Гүлдер бар нәзік солмайтын.
Өмір деген арпалыс,
Келмес тегін жақсылық.
Жолдары көп қалтарыс,
Тартқызатын тапшылық.
Сүрініп ор мен жарына,
Тартсам да өмір азабын.
Тіл қатқам жоқ жалына,
Естиін мейлі, мазағын.
Демеймін ойдан от өрдім,
Бас ием өр кез сабырға.
Не тартсаң, тағдыр, көтердім,
Түскенше салқын қабырға.