Жұмекен Нәжімеденов: Көремісің, көз?
24-08-2020
Ал, құрбым, көлік дайын жүр кетелік,
Жолдардан бізді күткен бірге өтелік.
Алатауым — ақ отау мың сан қонған,
Көгілдір сағым биік түр көтеріп.
Ән-күйдің, төгілдірген жырдың елін,
Көруге біз асықпыз Сырдың елін.
Ақ күріш дариясынан маржан сүзіп,
Құрбыларым сыбанып жүр білегін.
Ақ құспен зымыралық асулардан,
Кеудемде бұлақтайын тасулы арман.
Сұлу Сыр сылаңдаса назын айтып,
Жағадағы жас қайың шашын жайған.
Алыстарға шақырып жол тұрып ең,
Кеудемде мол сағыныш толтырып ем.
Құм белдердің жарысып құйынымы,
Тербелейік Сыр ерке толқынымен.
Құшағын сыр даласы жайды бүгін,
Шалқиық шалқарына байлығының.
Кетейік көк белесте көсілтіп бір,
О, жігіттер, қайда әлгі сәйгүлігің.