Иса Байзақов. Екпін

Oinet.kz 23-02-2020 639

image.png

Октябрьдің екпіні

Солқылдатып соққанда,

Қазандағы дауылдан

Қара бұлтты қақ жарған,

Нажағайдың оғындай,

Қараңғыны жарық қып,

Әлемнің жалғыз шамындай.

Жұмыскер еңбегіне сенетұғын,

Бірлікпен қиындықты жеңетұғын,

Айнымас алып күштің арқасында

Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.

Шегі жоқ Қазақстан табысының,

Екпіні жерді жарды дабысының,

Түрксиб алты айлықты алты-ақ басып,

Көрсетті күшті екенін шабысының.

Күннен-күнге құлпырып,

Жаңа өмірге ұмтылып,

Өскен елім гүлденіп.

Қоңырат, ұлы Балқаш кен саласы,

Мыс қайнап, алтын төккен ен даласы.

Кеулеген тас көмір мен тау сағызы,

Қарқында социализм мол аясы.

Алтын Отан гүл киген,

Сүйемін сені, сүйеді ел.

Тарихта жалғыз жасты иген,

Сырыңды жайды жібек жел.

Сенің сырың күн сыры,

Марсқа барсам,- жол ашық,

Әлемнің асар қай ері,-

Ерлеріме күн ғашық.

Иса Байзақов. Алтай
Иса Байзақов. Жастарым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу