Мұзафар Әлімбаев. Жан сырымды көрінгенге шертем бе

Oinet.kz 22-03-2020 712

Мұзафар Әлімбаев Alashainasy.kz

Жан сырымды көрінгенге шертем бе,

Көзім салман серісымақ селтеңге.

Осыншама өрттен қалған Еменмін.

Түбірінен қайта қаулап өртеңде.

Кіл тәттіден тұрса егер сыбағам,

Мен тағдырдан ұзақ ғұмыр сұраман.

Кіл ащыдан тұрса егер сыбағам,

Жылдарымды қиқымдардан құраман.

Сыбағама қарық қылған өлкемде,

Тірлік - теңіз,

Жел толтырып желкенге,

Тартып келем, тағдырымнан тайынбай,

Тартып келем талайлырақ Ертеңге.

Үлесіме қарық қылған өлкемде

Үмітіме жарық құйған Ертеңге

Апармасам Алтын айшық, әз өрнек,

Менің мынау тіршілігім көркем бе?!

Мұзафар Әлімбаев. Қандай қымбат
Сергей Есенин: Ты меня не любишь, не жалеешь
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу