Сәкен Сейфуллин. Біз

Oinet.kz 22-01-2020 802

image.png

Асау өсіп арқада

Жүген, құрық тимеген,

Матау көрмей ер жетіп,

Жасынан ноқта кимеген,

Бостандық, кендік, еркіндік –

Басқаны жаны сүймеген,

Бұғалық салса ұстауға

Ақырып тулап сүйреген,

Арқаның болдық ұланы,

Еркін өскен бұланы.

Теңдік іздеп кедейге,

Жауызға көнбей туладық.

Залымдардың жасаған

Аранына уладық.

Қараңғы, суық зынданды

Жатақ қылды тәніміз.

Қылыштың жүзі, мылтықтың

Аузында болды жанымыз.

Өмірінде жауыздың

Кетіп адам сәніміз,

Арыстандай жаралы

Өртенді қайнап қанымыз.

Бір шұңқыр су, түйір нан

Үйреншікті ас болды.

Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,

Жастығымыз тас болды.

Тас көмірдің топырағы

Денені басып қаралап,

Тас көмірдің түтіні!

Өкпені қауып аралап,

Қырлы темір шынжырлар

Қол-аяқты жаралап,

Жауыздардың дұзағын

Көрдік қорлық, азабын!

Мұхтар Шаханов: Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақ
Мұхтар Шаханов: Айбергенов шыңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу