Фариза Оңғарсынова. Мен сізді ұнатамын

Oinet.kz 10-08-2020 2124

Мен сізді ұнатамын.

Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым.

Жалғыз арман жанымды жайлап алып,

сенделемін, үмітпен бүр атамын.

Түк еместей әлемдік айыптаулар,

не ұмтылған асқарым - жыр, атағым.

Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен

біреулерді өксітіп жылатарым,

не өзімді даңқтың тұғырынан

мүмкін тіпті біржола құлатарым.

image.png

Жанса бағым,

бәріне де дайынмын - қарсы аламын,

қарсы аламын үзіліп қалса да әнім -

біреулердің қүңкілін, жазғыруын,

мысқылы мен өсегін - баршаларын.

Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана

сәтімізге қауышар, аңсағаным,

бірге жұтар ләззатты таң самалын.

Жырлап өтем,

белді будым алдағы сынға бекем,

арпалысам, асудан-мұңнан өтем.

Сізге жетер жолымда кешем бәрін.

мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.

Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер -

жайбарақат тірліктің құндағы екен.

Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,

сезіміңнің жолында құрбан етем!

Фариза Оңғарсынова. Мен сені қызғанамын
Фариза Оңғарсынова. Жер мен адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу