Өмір ұстаз (өлең)

Oinet.kz 01-01-2020 946

Өмі Өмірдің өзі ұстаз ғой әрбір адамға,

Өмірден алар үлесін жақсы, жаман да. рдің өзі ұстаз ғой әрбір адамға,

Өмірден алар үлесін жақсы, жаман да.

Өмірден үлгі, өнеге алған жақсы жан,

Бұл жырымды арнадым Сержан ағайға.


Құя білдіңіз көңілге нұрын көктемнің,

Сабақ қылдыңыз барлығын бастан өткеннің.

Әуелі - Алла, содан соң сіздің арқаңыз,

Өмір сыйлаған бақытты күнге жеткенім.


Балғын жүрекке нұр-шуақ құя білдіңіз,

Бірге мұңайып шаттықта бірге күлдіңіз.

Тереңде тұңған аштыңыз көзін бұлақтың

Жақсы істерді өзіңіз бастап жүрдіңіз.


Жарыс-бәйгеге талай да мәрте түстіңіз,

Мына өмірден талай қуаныш күттіңіз.

Ақын көңілі партадан өсіп жетілер,

Сол партадан көкке алып мені ұштыңыз.

«Жаңа Қорған» шипажайы
Мектеп туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу