«Жаңа Қорған» шипажайы

Oinet.kz 10-01-2020 1304

Жаңақорған жаңарған,

Көрмегенге - сан арман.

Естуші едік атауын,

Ертегідей талайдан.


Шипа тілеп құдайдан:

«Көмек бер» - деп «лайдан».

Сүйретіліп жетеді,

Кәрі, жасы мұңайған.


Лайы бал-қаймақтай,

Дем береді бармақтай.

Суы жұмсақ жылтылдап, 

Майдай жұққан сынаптай.


Жаңақорғанға келіңдер,

Аңызды көзбен көріңдер.

Денсаулықты күшейтіп,

Аман-есен жүріңдер!

Серік Дербісбаев

Ана туралы өлең
Өмір ұстаз (өлең)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу