Ана туралы өлең
Көгілдір көктем күні жанға жайлы,
Құшағын арайлы таң кеңге жайды.
Өзімді бақыттымын деп санадым,
Жырымды жазған сәтте анам жайлы.
Күн көзі жердің жүзін құшақтайды,
Жер-ана күн-балаға құшақ жайды.
Жүректі жарып шығып жыр бұлағы,
Анашым, жыр жазамын өзің жайлы.
Анашым, күлімдесең - мен қуанам,
Жаныма сөздеріңнің қуат алам.
Өзіңнен үлгі алып мен әр кезде,
Жылаған жандар болса жұбата алам.
Өседі қыр төсінде қызғалдақ-гүл,
Сайрайды арай таңда құстар бұлбұл.
Балалық махаббатпен сізге арналған,
Анашым, қабыл алшы жырымды - бұл