Күмән болмасын - министрдің орынбасары Нұрайдың ісі туралы

Oinet.kz 02-04-2026

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов 21 жастағы Нұрай Серікбай өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

image.png

Оның айтуынша, күдіктіге қатысты барлық қажетті сараптамалар Ақтас қаласы аумағында жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бір ай ішінде дайын болып, содан кейін іс сотқа жолданады.

Алайда марқұмның туыстары тергеудің созылып кеткеніне алаңдаулы. Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай істің үш айдан бері қаралып жатқанын айтып, оның одан әрі де ұзара ма деген күдігін жеткізді. Оның сөзінше, күдікті психиатриялық мекемеде болуы мүмкін.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол Талғар қаласындағы психиатриялық орталықта ем қабылдап жатыр деген ақпарат бар.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда болған. Көпқабатты тұрғын үй маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылып, оның денесінде пышақ жарақаттары анықталған. Полиция дерегінше, күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған.

13 қаңтар күні жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілуде

Қызмет көрсетілмесе де ақша төленген. Ақтауда инватакси бойынша заңсыз төлемдер анықталды
Депутат азамат қажетті еңбек өтіліне жеткеннен кейін зейнетке шығу уақытын өзі таңдауды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу