Сүйменқұл Шоқморов туралы

Oinet.kz 08-01-1970 1406

Қазақ жұртына "Көксерек", "Қараш асуындағы атыс" фильмдері арқылы жақсы таныс — Сүйменқұл Шоқморов. Қырғыз елінің атақты актері әрі суретшісі Сүйменқұл — әуелі өзін суретшімін деп есептеген. Сүйменқұл Шоқморовтың тағдыры өте трагедиялы. Ол бала күнінен дертті болып, он бес жасына дейін төсегінен тұра алмаған. Тумысынан бір бүйрегінің болмағаны әрі екінші бүйрегі де сал болып, әлдебір сіңірлер арқылы әзер-әзер жұмыс істеп тұрғаны кез-келген жанның аяныш сезімін тудырады. Жаратылыстың құдіретіне шек бар ма? Бала Сүйменқұл он алты жасқа келгенде аяғынан түк түріп, бірден жүріп кеткен.

Сүйменқұл суретшілік өнерді аурушаң бала күнінде өзінің көңілін аулау үшін бастап, кейіннен зор қызығушылығына айналдырып алды. Ол тіпті Санкт-Петербургтегі атақты И.Е.Репин атындағы көркемсурет академиясын да бітірген. Шоқморов кино әліміне 1967 жылы келді. Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша түсірілген "Қараш асуындағы атыс" — оның тұңғыш түскен фильмі. Сүйменқұл жалғыз баласының есімін осы фильмде өзі кейіптеген кейіпкерінің құрметіне Бақтығұл деп қойған. Сондай-ақ ол сомдаған "Көксерек" картинасындағы Құрмаштың ағасы Аханғұл да — көрерменнің ыстық ықылысына бөленген бейне.


Бердібек Соқпақбаевтың жары. Естелігінен
Төлеубек Аралбай. Естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу