Кинорежиссер Серік Жармұхамедов. Естелігінен

Oinet.kz 08-01-2020 1269

Қалихан рөліндегі Ұланды да Әбекең (Абдолла Қарсақбаев) өзі тапты. Бұрын бір көріп қалған екен. Мені "Сары" дейтін еді. Бір күні: "Әй, Сары, жүр кеттік", — деді. "Қайда?" "Жүр, барғасын көресің". Екеуміз студияның машинасына мініп алып, Алматы-2 вокзалының батыс жағындағы жер үйлерге келдік. 

image.png

Балалар ойнап жүр. Солардың ортасындағы Ұланды қырық минуттай бақылап тұрдық. Ұлан ерегісе білетін, ерегісті өнер деп білетін, өзгенің емес, өзінің дегенін істейтін қайсар бала екен. Бір кезде Ұлан шамасы 10 жасар баламен ойыншық мылтыққа таласты. Бермей қойды. "Қалиханға осы мінез керек. Байқап тұрсың ба?" деді маған Әбекең. Егер біз Ұланның қасына барып, "отыршы, әңгіме айтшы" десек, бала ештеңе де айтпас еді. Әбекең сырттай бақылап-ақ, өзінің болашақ кейіпкерін дәл және тез таңдады.

Бір өкінштісі, сол Ұланның өмірі кейін дұрыс қалыптасқан жоқ. 10-сыныпты бітіргенде "топ болып адам өлтіруге қатысты" деген айып тағылып, сотталып кетті. Қасындағылар бәленің бәрін Ұланға жапқан сияқты. Қолтырауынның аузына кір десең де тайсалмайтын бала еді ғой, тіпті ерегісе келіп, "мен жасадым" деуі де мүмкін ғой оның. Түрмеден келгесін, Ұлан асылып өліпті... Мүмкін, оның мұндай әрекетке баруына біз де кінәлі шығармыз. Образ үшін жасаған әрекетіміз өміріне зиян болды ма, кім білсін?..

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қазақстанның әсем жерлері туралы мақала
Киіз үй туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу