Ұлттық спорт түрлері шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 5381

Қазақтың ұлттық спорт түрлері өте бай, олар сонау атам-заманнан бері әлі күнге дейін құнын жоғалтпаған. Оларға көкпар, ләңгі, асық ату, күрес және т.б. жатады. Бізде ойындар тек спорт түрі ретінде емес, адам санасын жақсартуға, салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған. Ертеректе бұл ойындардың маңызы өте зор болған, себебі ойындарда жергілікті батырлар да, биліктегілер де қатысып, ойын одан сайын қыза түседі екен.

Znalezione obrazy dla zapytania Ұлттық спорт түрлері

Көкпар тек қана қазақ халқының емес, сондай-ақ бүкіл түркі халықтарына ортақ ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Көкпарға бір топ шабандоздар қатысады. Олар ортадағы қазандыққа қой тастау үшін таласады. Ойын өте тартысты өтеді, оның көрермендері өте көп. Көкпар бүгінгі күні өте қызықты ойындардың бірі саналады.

Қыз қуу - те қана қазақ халқының өте көне ойындарының бірі ғана емес, одан салт-дәстүрдің де иісі шығады. Бұл ойында тек жастар қатысады. Ұл мен қыз ат шауып жарысып, ұл қуып жетсе қыздың бетін сүйген екен. Қазірде бұл ойын төңіректе ойнатылмайды.

Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Қазақта Қажымұқан секілді аты елге мәшһүр күресші болған. Негізінен бұрындары қазақтар ірі денелі, бойлары ұзын болған. Сондықтан болар қазақ күресі ерекше аудиторияға ие болған.

Ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл – тоғызқұмалақ. Бұл спорт түрi – әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi. Жарыс командалық. Команда құрамы 2 ер, 2 әйел. ...

Шығарма. Тазалық – денсаулық кепілі
Қазақстанның әсем жерлері туралы мақала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу