Шығарма. Білімді мыңды жығады

Oinet.kz 01-01-2020 2539

Білім - теңіз, оның түбірі мен шегі болмайды, ол шексіз. Адам бір өмірінде түбегейлі бәрін біліп бітуі мүмкін емес. Сондықтан ол әркез өзін-өзі дамытуда болады. 

8DE1E2B9-96CA-41DF-B53A-A1D85393991B.jpeg

Қазақта сөз бар емес пе, білімсіз бірді жығады, білімді мыңды жығады деген. Расымен де бұл дана сөздердің жаны бар. Білімді адам жақсы сырлас. Білімдімен сөйлесудің өзінен ләззат аласың. Онымен сөйлескен сайын оның қаншалықты санасы биік, өзі мықты адам екендігін ұғынасың.

Бізді бай ететін де, кедей ететін де, бар ететін де, жоқ ететін де біздің басымыздағы біліміміз деп білемін. Ата-анамыздың кішкентай жасымыздан мектепке сүйрелейтінін, оқуды жүктейтінін енді сезініп жатқандаймын. Білім ерекше күш. Біз тек біліммен ғана қатарымыздың алды бола аламыз. Дәл қазіргі заманда білімсіздің күні мұң. Ол біздің болашақта жейтін нанымыз. Сондықтан да қашан да ғылымға, білімге құмар болайық.

Жоңғар шапқыншылығы туралы шығарма
Орбұлақ шайқасы туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу