1 мамыр - ұлттар достығы күні

Oinet.kz 01-01-2020 1304

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі болып бекітілген. Бұл күні еліміздің түкпір түкпірінде Республика шеңберіндегі түрлі ұлт өкілдерінің достастығы дәріптеледі. Дәл осы күн қазақ елінде өмір сүріп жатқан 130-дан астам этнос өкілдері бас қосып, бір шаңыраұқ астына жиналып, өнерлерін көрсетіп, достықтарын айқындап жатады. 

Podobny obraz

Біздің ел бақытты ел. Қаншама ұлттардың басын біріктіріп отырса да, бірлігі айрандай қйып отыр. Міне, осыншама ұлттың тілін тауып, өзіне паналатып отырған біздің ел мақтауға лайық. 

Ұлтаралық татулық қазақтың көрегенділігінің, даналығының арқасында болар. Ешқайсысын бөліп жармай, бәрін де өз бауырымыздай көріп, етене арласып жатқан жайымыз бар. 

Елдің түкпір түкпірінде ұлттар саясатын, санын бақылап отыратын мекемелер бар. Елде ешкім де назарсыз қалмаған. Өзге елдердегідей емес, бізге келген шетелдік азаматтар біздің елдің азаматтығын алып, емін-еркін, жұмысын істеп, баласын қарап, тегін медициналық көмек алып өмір сүре алады. 

Бұл күні көпшілік алаңға шығып, бірін-бірімен танысып, әр ұлт өкілдері ұлттық тамақтарын ұсынып, дәмауыз татып жатады. Оның үстіне арқа-жарқа болып ән шырқасып, би билесіп жататын қыз-келіншектер де жоқ емес.

21 қыркүйек - Бейбітшілік күні
Дінмұхаммед Қонаев туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу