Мемлекеттік ту - ұлттық құндылық
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы гимн, елтаңба секілді мемлекет символы болып табылады. Ұлтттық рәміздердің бірі болып табылатын тудың тарихы терең, шығу жолы да айрықша кезеңдерге толы болған. Ал дизайна өзге елдердіңкінен өзгерек.
Ең алғаш Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарына қол қойған болатын.
Елбасының 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар жарлығымен белгiленген.
Тудың дизайнына келетін болсақ, онда бүркіт, күн, ою бейнеленген. Күн - аспанымыз ашық болсын, тек жайма шуақ күндер болсын, береке, бейбітшілік болсын деген ниетпен салынса, қыран құс тәуелсіздіктің белгісі, құстар секілді тәуелсіз болып, тек биікке самғасын деген ниетпен жасалған. Ал ою қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық құндылығы ретінде өрнектелген.
Ту аса құрметті рәміз болып табылады. Оның аяқ асты етілуіне ешкім рұқсат етпеген. Мемлекет туы тек көк аспанда шарықтап тұрады. Ал аспан түстес болғандықтан аспанмен бірдей түске сіңісіп, ерекше сұлуланатыны бар.