Қазақстан туралы шығарма. Қазақстан ыстық мекен

Oinet.kz 01-01-2020 2069

Қазақстан Еуропа мен Азияның, екі құрлықтың қиылысқан жерінде орналасып, 130-дан астам этнос пен қонақжай қазақ елі мекен еткен ғажайып өлке. Жо-жоқ, ғажайып деп ешқандай асыра сілтеп тұрғаным жоқ... Тәуелсіз, бейбіт, 18 миллион халқы бар, 2 724 900 шаршы км. жері бар, табиғи  қазбаларға бай, дәнді-дақыл... адамның жанына не қажет болса, соның бәрі де бар ел. Саясаты мығым, достығы берік, болашаққа деген сенімі бекем өлке. 

Znalezione obrazy dla zapytania қазақстан туралы

Өзінің батысында мұнай мен газ қорының біраз қорына ие болса, солтүстігінде мал шарушылығы, оңтүстігінде егін шаруашылығы дамып отырған бай мемлекет. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана дамушы елдер қатарына табылса, ендігі дамыған мемлекеттер қатарынан көрінді. Мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында, жер көлемі бойынша 9-орында... Бұл табиғаттың Қазақстан жеріне берген сыйы деп білемін.

Күн демей, ай демей еліміз көз алдымызда өокендеп келеді. Біз де тезірек ер жетіп, бой жетіп, елдің дамуына елеулі үлес қорсатын жастармыз. Өз еліміздің болашағы мен біздің ұрпақтар келешегі тек біөздің қолымызда екендігін ұғынып, аянбай қызмет етуге тиіспіз.

Мен өз Отанымды, Қазақстанды сүйемін, құрметтеймін! Өз ұлтының жанашыры боламын деп сенемін! 

Отан туралы шығарма. Отан оттан да ыстық
Менің президентім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу