Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Менің Отаным - Қазақстан. Біз бақытты елдің бақытты ұрпақтарымыз. Кең байтақ жер, өзен-көл, табиғи қазба, дәнді дақыл... мұның бәрі менің еліме тән құндылықтар. Бабаларымыз беріспей сақтап қалған отанымның ауасы да қымбат. Қазақстанның жері шынымда да кең байтақ. Кезінде бұл жердің бәріне атам қазақ егін егіп, көшіп-қонып мал баққан, ал бүгінде бұл жерлердің бәрі игеріліп, адамдар жайғасқан.
Отан... Қандай ыстық естіледі деңізші! Көз алдыма отан сөзін естігенде мынадай бір картина келеді.
..
Жазық дала, асыр сала ойнаған бақытты балалар, келешегі кемел студенттер, еңбектенген ер мен әйел бейнесі... Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген сөз қалай тауып айтылған. Сәл жырақтасам өзімнің Отанымды аңсаймын да тұрамын. Қанша Еуропа мен Америкадай болмаса да, елімнің тыныштығы мен кең байтақ даласынан артық маған жан тыныштығы жоқ. Соғыссыз, ұрыссыз, бейбіт елде өмір сүретініме күніме мың шүкір айтамын.
Бауырларымның қазақ екеніне, қазақтың осындай қонақжай, жомарт халық екенін мақтан тұтамын. Мен өз елін сүйіп, құрметтейтін, есейгенде еліне ерінбей еңбек ететін азамат болып өскім келеді.