Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Туған жердің топырағы қашан да ыстық. Туып өскен, балалығың өткен жерге жүрек шәркін қашан болмасын өзгеше соғып тұрады. Сәл жырақтай қалсақ, сағынып тұрамыз, басына қиындық түссе ет жүрегіміз езіліп тұратыны тағы бар.
Туған жер сенің кіндік қаның тамған жер, өсіп өнген, жетілгенғ ең алғаш іңгәләп жылап, ең алғаш күлген жерің. Оның бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Оның біз туылғандағы бейнесі, достарымызбен туған жердің топырағына малына ойнаған күндеріміз біздің балалығымыздың ең тәтті, ең естен кетпес күндері саналады.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл деген жақсы сөз бар. Отаның үшін отқа түссең де күймейсің. Оны қорғау, қызмет ету сенің туған жер алдындағы перзенттік парызың деп біл. Туған жерге деген құрмет ең алдымен біздің тәрбиемізден көрінеді. Туып өскен жерді үнемі қастерлеп жүруге міндеттіміз. Елім, туып өскен жерім деп барын аямаған адам өлкесінің батасын алып, халқына сыйлы адам болады.
Туған жердің бір уыс топырағына басқа елдің аспанмен теңескен зәулім сарайлары да тең келмейді. Себебі жерге, елге деген сағыныш ең ұлы сезімдердің бірі. Туған жеріңді аялап, қадір тұту азаматтық міндет!