Қамбар Уәлиев. Естелігінен

Oinet.kz 13-12-2019 2789

"Көксерек" фильмінде Құрмашты ойнаған Қамбар Уәлиевтің естелігінен:

Анам үшін менен асқан актер болмайтын, мені мақтан тұтатын. "Көксеректің" алғаш қойылымы Алматыдағы барлық кинотеатрлардан берілді. Біраз уақыт өткен соң біздің ауылдағы ескі клубқа алып барып қойды. Сонда біздің үйдегілер алғаш рет көрді. Анам көзіне жас алып отырып көрген. Ал, мен басқа киноға түсіп жүргем. Әжем бар болатын. Кәрі кісі ғой, мені әбден сағынып жүрген болса керек... Экран бетінен менің қасқырмен алысып жүргенімді көріп, сахнаға өрмелеп шығып, айғайлап жылапты.

көксерек.jpg

Әйтеуір "апатайлап" жүріп сахнадан зорға түсіріпті. Содан бір күні үйге келсем мені құшақтап алған, ешкімге бермейді. Өзі еңіреп жылап жүр. Содан маған: "Сені киноға түсіп жүр десем, қасқырға талатып жүр екен ғой. Енді мен сені жібермеймін!" деп шыр-пыр болды. Ал, түсіндіре алсамшы. "Апа, ол жай ғана кино. Бәрі бітті, фильм аяқталды. Енді мен басқа киноға түсіп жатырмын..." деп түсіндірсем, құлақ салмай қойғаны бар.

Әсет Ақмоданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қанабек Байсейітов. Жары Күләш Байсейітова туралы
Мұрат Әуезов. Естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу