Бердібек Соқпақбаев: «Мен 40 жасымнан кейін жазған емеспін»

Oinet.kz 12-12-2019 1264

Есей Жеңісұлы естелігінен:

1991 жылдың қаңтар айы еді. Біз, Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген озат оқушылар, Қаскелең қаласындағы Абай мектебіне, облыстық пәндер олимпиадасына жиналдық. Төрт күнге созылған жарысымыздың үшінші күні мектептің мәжілісі залында жазушы Бердібек Соқпақбаевпен кездесу өтетіні белгілі болды. Жүрегіміз лүп-лүп соғады. 

Бердібек.jpg

Тірі жазушыны, жазушы болғанда да, өзіміздің Қожаны жазған Соқпақбаевты өмірімізде алғаш рет көрмекпіз. Бір кезде алқа-қотан отырған оқушыларды қақ жарып, Бердібек ата кіріп келе жатты. Денесін тік ұстайды екен. Артқа толқындана қайырылған шашы толыққа жуық ағарған, ара-арасында ғана селдір қара шаш көрінді.

Сұрақ тұс-тұстан жауа жөнелді. Бердібек ата әуелі орнынан тұрып жауап берді, сосын аяғы талғанын айтып, отырып сөйлей беруге бізден рұқсат сұрады. Жазушы шынайы ақтарылды да отырды.

— Ата, қазір не жазып жүрсіз? — деп сұрақ қойды бір бала. Бердібек ата үнсіз қалды. Сосын еңсесін кілт көтеріп:

— Мен 40 жасымнан кейін жазған емеспін. Жаздым, жарыққа шықпады. Шығармады. Жазушылық келбетім толық қалыптасып, енді толыса жазар шағымда өзімді-өзім тежеуге мәжбүр болдым, — деді...

Дихан Қамзабекұлы. Смағұл Сәдуақасұлы туралы
Қанабек Байсейітов. Жары Күләш Байсейітова туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу