Көріпкел «ұлыңды шайтан түрткен» деді

Oinet.kz 12-12-2022 3882

Кейде өмірде қарапайым ережелерді білмеуіміздің салдары үлкен қиындықтарды туғызады. Бала күнімізде кешғұрым ұйықтап қалсақ атамыз тұр да тұр деп қоймастан оятып алатын.

Screenshot_8.jpg

Тәтті ұйқының бұзылғанына ашуланып неге ояттыңыз дегенде марқұм қария «кеш батқанда ұйықтауға болмайды» деуші еді. Атамыз болмайды дегесін ары қарай сұрақ қоймай, бұл туралы ұмытып кете беретінбіз. Сонда деймін күн батқанда ұйықтаса не болатынын біз де сұрамаппыз, атамыз да ашып айтпапты. Сонда сұрай салсамшы, бүгінгідей қиын жағдайға тап болмас едім. Басынан баяндайын.

Тұңғышым Серік өткен жылы ақ көйлек, қара шалбар киіп алғаш рет мектеп табалдырын аттаған болатын. Сабақ оқып жүргеніне бір ай болса да ұстаздарынан «ұлыңыз өте зерек, айтқанды дереу қағып алады, есепке де жүйрік» деген мақтау сөздер есітіп жүрдім. Өзі де сабақтан келе салып асын ішпей кітаптарын ақтарып жазу жазып отыратын. Бірде үйге ағамның балалары қыдырып келді. Ағамның үлкен ұлы Нұрасылы Серігіммен құрдас, ал екінші ұлының жасы бесте. Серік әдеттегідей сабағын оқуға кірісіп жатқан еді Нұрасыл далаға шығып ойнайық деп қоймады. Байғұс балаға таңнан кешке дейін сабақ оқытып қойғаным жарамас, бір сәт сергіп келсін деп қолдарына доп беріп бәрін далаға шығардым. Әрине, абай болуды, алысқа ұзамауды ескерттім де, үй шаруасына кірісіп кеттім. Кешкі ас та дайын болды. Анда-санда балалар жүр ма деп терезеден сыртқа үңіліп қоям. Сөйтіп жүріп сағаттың кешкі сегіз болғанын байқамай қалыппын. Кеш батып қалыпты ғой, балаларды шақырайын деп сыртқа шықсам аулада  ешкім жоқ Көршілердің үйіне кетіп қалды ма екен деп жақын маңдағы үйлердің бәріне кіріп шықтым. Балалар табылмағасын қорқайын дедім. Болмағасын көшедегі адамдардан сұрастыра бастадым. Іздеп жүріп ауылдың шетіне де келіп қалдым. Дала қоюланып, қараңғы түсе бастады. Бір кезде өзеннің жанынан шуылдаған балалардың дауысын естідім. Ары-бері көз жүгіртіп едім, қараңғыдан түкті де көре алмадым. Менің айғайлаған дауысымды естіп балалардың өздері жүгіріп келді. Оларды көргенде қуанғанымнан көзімнен жас парлап ақты. Үйге келгесін алысқа кеткені үшін балаларды біраз сөгіп алдым. Сол түні Серік мүлдем ұйықтай алмады. Түсінде біресе күледі, біресе жылайды да шошып оянады. Алғашында бала шаршаған шығар дедім де мән берген жоқпын. Алайда ертесіне де дәл осылай қайталана берді. Өзінен-өзі бірдеңелерді сандырақтайтынды шығарды. 

Үшінші күні таңертең ұлымның түрін көріп шошып кеттім. Сүп-сүйкімді баламның аузы қисайып, дұрыс сөйлей алмай қалды. Көрсетпеген дәрігер, бармаған ауруханамыз қалған жоқ. Ақ халаттылар нақты диагноз таба алмады, не емдей алмады. Сап-сау баламның аяқ астынан мұндай жағдайға душар болғанына жүрегім ауырды. Бірде көршім пәлен жерде ақсақал көріпкелдің барын айтты. Әлгі ақсақал  жас балаларға дем салады екен. Бір шипасы тиіп қалар деген үмітпен ұлымды ертіп ақсақалға келдім. Ұлыма дем салып болған соң тәуіп «ұлыңды шайтан түрткен» деді. Мына сөзден кейін есімнен танып қала жаздадым. «Балаң кеш батқанда далада жалғыз қалып кеткен бе еді?» деді. Сонда өткен күндегі балалардың жоғалып кеткенін есіме алдым да «ия» дедім. Сонда қария «Қызым-ау, кеш батқанда жас балаларды далаға шығармау керектігін білмейтін бе едің. Күн қызарып батқанда шайтан атаулының бәрі жер бетіне таралады, ал шайтандар мүмкін болғанның бәріне жабысады. Себебі балалар олардан қорғанатын дұғаларды білмейді» деді. Мұны естігеннен кейін ойланып әрі өкініп қалдым. Баяғыда атамның айтқан сөздері есіме түсті де, жылай бердім. Кейіннен ақсақал ұлыма үш күн дем салып, уақыт өте келе аузының қисықтығы жазылатынын айтып жұбатып қойды. Серіктің жазылып кететініне әлі де үміттеніп жүрмін. 

Ақмарал Сайлауқызы, 

Қызылорда облысы

Шашы күніне 20 см өскен қыз бүкіл ауылды шошытты (болған оқиға)
Жапондық шашы өсетін қуыршақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу