Жынның әйелін босандырған семейлі акушер әже
16-11-2024
Бірде отбасымызбен бір ай бойы теңізге шомылуға жолаушылап кеттік. Көңілді болғаны соншалық, уақыттың қалай сырғып өткенін де байқамай қалдық. Бір айдан соң өз үйімізге кешкісін келіп, заттарды жол сөмкемізден шығармастан төсекке сұлай кеттік.
Түн ортасында бізді жоғарғы қабаттан естілген дүрсіл оятып жіберді. Құдды біреу жоғарыда жиһазды, орындықтарды сүйрелеп жүргендей, еденге әлденені лақтырып жібергендей әсерді сезіндік.
Біздің үстімізде егде жастағы әже тұратын. Оның ұлы шет елде тұратын, анасына ара-тұра күн көріс үшін ақша салатынын да білетін едік. Сол ұлы келген екен, сөйтіп ұрыс-керіс болып жатыр екен дегенбіз. Бірақ сағат түнгі үш. Ақырында ұйықтай алмадық, әкем көршіге барып, бұл істерін ертеңге қалдыруды өтінбекші болды. Біздің үйдің ішін жым-жырт тыныштық жайлаған, содан да жоғарыдағы пәтердің қоңырауы шырылдағаны анық естілді. Шу тоқтады, біз әр дыбысқа елеңдеп отырмыз. Сосын есіктің ашылғаны естілді, бірақ ол жанындағы есік еді. Неліктен бұл үйдің қоңырауын басып тұрғанын әкемізден сұрап жатыр. Осы кезде біз де сыртқа шығып, көршіге түсіндірдік. Ал оның көзі ұясынан шыға жаздады, дереу шоқына бастады.
-"Кемпір өліп қалған, қазір ол үйінде табыттың ішінде жатыр. Ертең ұлы келген соң, оны жерлейді" деді.
Біз, әрине, бұған сенген жоқпыз. Бәлкім онда тағы біреу бар шығар, бізге ұйқы бермей жатыр дестік.
Сол кезде көрші әйел өзіндегі кілтпен есікті ашуды ұйғарды, әлдебіреу үйге кіріп кетіп, жәшіктен арақты алып ішіп, ойына келген ойранын салып жатқан шығар деген оймен тексеруге бел буған еді. Есікті ашқанда өліктің иісі шықты, жарықты жағып едік, қонақ бөлмеде айналасында көршілер әкелген азагүлдер тұрған табытты көрдік. Дәлізде әлдебір заттар жинаулы тұр, мұнда біреудің болғанынан еш белгі де білінбейді.
Бойымызды жағымсыз әсер билеп әрі есеңгіреп, үйге қайтуға асықтық.
Сол күйі дұрыс ұйықтай алмадық. Ертеңіне көрші әжені жерледі. Еске алу рәсімі кезінде өз үйімізге кіргенімде, түндегі дыбыстарды тағы естідім.
Ұлы пәтерді сатуға қойды. Ал біз әлі күнге дейін табытта мәйіт жатқан бос пәтерде әлгі дыбыстар қайдан шығуы мүмкін екендігін түсіне алмадық...