Сыған әйелдің шашы

Oinet.kz 14-06-2022 1829

Нұрсерік екеуіміз ұзақ уақыт кездесіп жүрдік. Мектептен бері бір-бірімізді қатты ұнататынбыз. Осылайша 10-11 сыныптарда өзімізше қыз-жігіт болып, қол ұстасып бастадық. Кейін студент болған уақытта да әдейі бір жоғары оқу орынына түстік. Университет қабырғасында да екеуімізге барлығы қызыға қарайтын. Уақыт өте келе мен оның үй ішімен таныстым, ол да менің ата-анамды, бауырларымды барлығын біліп алды. Ал бітіретін уақыт таянған сәтте, дипломға сақадай сай дайындалмасақ та университетті аяқтайтын кешке барлығымыз жоғары дәрежеде жоспар құрдық. Қыздардың сәндейтін тұстары ең алдымен шашы, одан соң көйлегі емес пе?! 

Screenshot_5.jpg

     Кішкентайымнан ұзын әрі қалың шашты армандайтынмын, ал өзімнің шашым қап-қара түсті болғанымен тым жұқа, әрі өсуі де қиын. Не керек, шаштараздарға барып кеңес алдым. Олар да түрлі ақылдарын айтып бағып жатыр. Қаланы аралап жүріп, көзім бір шаштараздағы қыздың арнайы жасатып жатқан жасанды шашына түсті. Менің де ойыма кенеттен шаш жалғаттыру сап ете қалды. Енді шаш үлгісі жайында қалып, шаш жалғау жайында ақпараттар жинадым. Мен ойлағандай емес, өзі тым қымбат екен. Амал жоқ, өмірімде бір болатын қуанышым ғой деп тәуекелге бел будым. Қаланы табаным тозып жағалап жүріп, бір салыстырмалы түрде арзандау деген бағаға жасайтын шаштараз тауып алдым. Қуанып кеттім. Мына жерде жасатамын десең болды қалаған түсің бойынша, қалаған ұзындықта шаш табу қиын емес екен. Ойланбастан тұп-тура өзімнің шашымдай қап-қара түсті шаш жалғатып алдым. Өзім ұзын бойлы болғандықтан, тіземмен бірдей болатын ұзындықты таңдап алдым. Бас-аяғы 60 см.ден асты. Қызметкерлер дереу жалғап берді. Тезірек жасатуға асығып отырып, оған да жеттім. Сол кездегі таңданысымды сөзіммен жеткізе алмаспын. Кәдімгі өзімнің шашымдай. Құрбыларым да өте қызықыты. 

     Неге екенін қайдам, сол күні кешке Нұрсерікпен кездесуге барғанда жай нәрсеге бола ұрысып қалдық. Ол кәдімгідей ренжіп, бір айға дейін хабарласпай тұруымызды сұрады, мен амал жоқ келістім. Алайда, сол түні жылап шықтым. Ертеңіне де еш көңіл – күйім болмай жұмыстарымды құлықсыз тындырып жүре бердім. Осылайша күндер өте берді. Көңілсіз, амал жоқ жүру-әдетіме айналып бара жатқандай. Ешкіммен басы артық сөйлескім де келмейді. Күн санаумен болдым, әрең дегенде бір айды да өткіздім. Нұрсерікке өзім хабарластым, кездесуге шақырдым. Табысқандай болдық, бірақ бәрі баяғыдай емес. Аз нәрсеге тез ренжісе береміз. Бір қызығы мен емес, ол ренжіп қала береді. Ақшам да берекесін таппай кетті, достарыммен де баяғыдай араласпаймын. Күндіз маужырап жүретінді шығардым, басым айналып, ұйқым келе береді. Шашым да көптеп түсетінді шығарды.      

       Шашымды жасатқан шаштаразға барып едім, шашты уақытша шеше тұруымды, табиғи шашымның демалу керектігін айтты. Келістім. Осы күннен бастап, өзімнің жеңілдеп, денсаулығым жақсарғандай қалыпқа келгенімді байқадым. Көңіл-күйім де көтеріңкі. Қыдырғым келеді. үйде отыруға құлқым жоқ, жұмысқа деген шабытым да ашыла бастады. Айлығымды алып, құрбыларыммен теңізге баруға келістік. Теңізде өзімді ұзын шашпен «русалка» сезінейін деп, шаштаразға барып тағы да шаш жалғаттым. 

      Теңізден келгеннен кейін тіптен төсек тартып жатып қалдым. Түнгі ұйқым тынышсызданып кетті. Жылап жатқан сәбидің дауысынан шошып оянамын, кей уақытта сығандардың ордасында жүргендеймін, олар мен оттың ортасына лақтырып жатқандай боламын да шошып оянамын. Күннен күнге солып бара жатқан түрімді көрген анам, қазақи емге қаратпақшы болып, қаланың ортасындағы бір апаға апарды. Ол кісі: «қазіргі күні шашын сатпайтын адам жоқ. ал оның барлығы ақшадан қысылғандықтан осындай қадамға барады. Сенің басыңдағы да біреудің шашы. Біреу болғанда да тағдыры ауыр бір сыған әйелдің шашы. Ал оның басындағы шашын алып, сен басыңа жалғап алдың. Оның басынан өткен ауыр тағдыр сені мазалап жүр.» деген әңгіме айтты. Мен шошынып қалдым. Қатты қорықтым. Сол сәтте-ақ жаңағы шашты кесіп алып, мамам өртеп жіберді. Сол уақыттан бері екі жыл уақыт өтті ешқандай да шаш жалғатпайтын болдым. Қазір денсаулығым да жұмысым да ойдағыдай.

el24kz

Қызым екен деп қалдым: елеске иланған әке
Өлген адамның мәйітінің астынан өттім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу