Адамдар өлер алдында қандай түс көреді?
Буффалодағы (АҚШ) Хоспистің және Паллиативті емдеу орталығының дәрігерлері он жылдық зерттеуді аяқтап, ғажайып жаңалық ашты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі popmech.ru сайтының дерегін негізге ала отырып.
Кристофер Керр бастаған мамандар өлім аузында жатқан науқастарды бақылап, өлімге дейінгі аралықта адамдар тылсым көріністерді көре бастайтындығын айтады.Тексеру кезінде аталмыш құбылыс 13 мыңнан астам адамның ішінде 88 пайызынан байқалғанын анықталды.
Науқастардың пікірінше, 72 пайызы дүниеден өткен туысқандары мен достарын түсінде көріп, олармен сөйлеседі. Ал 59 пайызы соңғы түсінде заттарын жинап, билет алып, соңғы сапарға жиналып жатқандығын көреді екен. Тіпті кейбірі түсінде пойызда отырғанын, ұшақпен ұшып бара жатқанын немесе ерте өмірден өткен жақын досымен бірге емін-жарқын әңгіме айтып жатқанын көреді.
Ал 29 пайызы өмірдегі жақындары мен достарын түсінде кезіктірсе, Адамдардың 28 пайызы өткен өміріндегі жарқын естеліктер мен түрлі оқиғаларды, кезінде керемет әсер қалдырған сәттерді түсінде көреді.
Ал өлім аузында жатқан балаларға жүргізілген зерттеудің нәтижесінде олардың тек өздері білетін үй жануарларын түсінде көретіні белгілі болды. Олар жануарлардан бөлек үлкендерді де түсінде көреді. Бірақ көбінесе науқас бала түсінде кімді көргенін есіне түсіре алмайды екен.
Ғалымдардың айтуынша, адамдар дүниеден өтуіне 10-11 апта қалған кезде осыған ұқсас түстерді көре бастайды. Ал 3 аптадан кейін мұндай түстерді көруі жиілейді. Әрі түсіндегі оқиғалар мен адамдар анық көріне бастайды. Бұл құбылыстың мәнін феномен Кери мен оның әріптестері анықтай алмаған. Сарапшылардың айтуынша, өлер алдындағы мидағы болатын әртүрлі өзгерістер тылсым түстер көруге себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл жағдай адамдарды тыныштандыруға және өлер алдындағы қорқынышты жеңуге көмектеседі екен.