Түбек деген не? Әлемдегі ең ірі түбек қандай?

Oinet.kz 25-09-2019 17795

D2344899-9D9A-45EE-A688-32B75497D2C3.jpeg

Түбектер – құрлықтың суға сұғына еніп жатқан бөлігі. Әлемде Аравия, Үндістан, Үндіқытай, Пиреней, Скандинавия және тағы басқа ірі түбектер бар. Түбектер Еуропа аумағының төрттен бірін құрайды.

Мысалы Анатолия түбегі солтүстігінде Қара теңізімен ал онтүстігінде Жерорта теңізімен қоршалған, бірақ шығыс жағы Азия құрлығымен шектеседі:

Осы түбекте қазақ халқына бауырлас түрік пен күрд елдері қоныстанған.

Арабия түбегі - Жер шарындағы ең үлкен түбек

Арабия түбегі Жер шарындағы ең үлкен түбекбоп табылады. Бұның ауданы 3,25 миллон шаршы километр.

Арабия түбегі - шығысынан Парсы бұғазымен, онтүстігінде Үнді мұхитымен ал батысында Қызыл теңізімен шектелген. Бірақ солтүстік жағы Еуразия құрлығымен қатынасады:

Арабия түбегінде барша мұсылман қауымына қасиетті шаһарлар - Мекке мен Медина бар. Бұл түбектің климаты ыстық, бұнда шөл көп аумаққа жайылған.

«Құлағыңа алтын сырға» деген сөз тіркесінің тарихы
Шығанақ деген не? Ең ірі шығанақ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу