Мұхтар Тайжан қазақ тілі мен әдебиеті оқулығын сынға алды

Oinet.kz 13-09-2019 1839

5d7b2f2f883e5535277569.jpg

Мұхтар Тайжан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқулығын қатаң сынға алды.

Ардақ Бөкееваның: «Жалпы, менің филолог жиенім алдағы сұмдықтар туралы айтты, бірақ мен оған қатты сенбедім (мұғалімдер бір-біріне ватсап арқылы жібергенін білемін). Кеше мен Колобоктің қазақ тіліне (орыс мектебінің 6 сыныбы) көмектесемін деп үндей алмай қалдым – енді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бір пән! Қалыңдығы бір жарым сантиметр болатын бір оқулықта, яғни олар есімше мен шақтарды отбасы туралы шағын мәтіннен айыратын болған, ал тапсырмасында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірбаяны және шағын суреті бар. Сондай-ақ, оның «Абай жолы» романынан үзінді берілген. Біз оны университеттің үшінші курсында оқыдық. Бұл не қылған саботаж, ә? Қанбақ шал немесе Мақта қыз, мақал-мәтелдер, Бақа-Бақа-Балпақ және тағы басқалар қайда? Неліктен мемлекеттік тіліміз қазақ тілі деп жазылған елде тіл мен әдебиетті бөлек оқудан бас тартты? Мен таңғалысымды жасыра алмай отырмын, отандастар! Министрлік бұл жайттан хабардар ма, олар бұл сұмдықты қалай түсіндіреді?», - деген мағынадағы жазбасын жүктеген саясаттанушы Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қатаң сынға алып, заң алдында жауап беретінін ескертті өз фейсбук парақшасында.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіндегі Қазақстан Республикасында орыс тілі мен әдебиеті бөлек, ал қазақ тілі мен әдебиеті пәндері жұқа бір оқулыққа ғана сыйдырылғаны қоғам белсендісінің ашуын тудырды.

Мысыр пирамидалары қалай салынған?
Бату қалай хан сайланды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу