Абай Құнанбайұлы. Мен сәлем жазамын,

Oinet.kz 28-08-2019 1762

Қарағым қалқама.

Қайғыңнан азамын,

Барушы айта ма?

Күн бойы күтемін

Келер деп хабарың.

Қайғырмай не етемін,

Бізде жоқ назарың.

Көңілге жұбаныш,

Сен едің базарым.

Сенсіз жоқ қуаныш,

Тозды енді ажарым.

Абай Құнанбайұлы. Тоты құс түсті көбелек...
Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу