Абай Құнанбайұлы. Байлар жүр жиған малын қорғалатып

uyut-podnos-kniga-chay-sviter.jpg

Байлар жүр жиған малын қорғалатып, 

Өз жүзін, онын беріп, алар сатып, 

Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, 

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? 

Барып келсе Ертістің суын татып, 

Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, 

Елді алып, Еділді алып есіреді, 

Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып. 

Әрі-бері айналса аты арықтап, 

Шығынға белшесінен әбден батып. 

Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа 

Құдай құмар қылыпты қалжыратып. 

Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, 

Шаптырады қалаға бай да аңдытып. 

Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, 

Қолға түсер сілесі әбден қатып. 

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, 

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ қыздары және әлемдік мәдениет (Тәрбие сағаты)
  • Байлық туралы мақал-мәтелдер
  • Қазақ тілі жайында тамсана жазған ғалымдар...
  • Адам ағзасы туралы қызықты деректер
  • Өтейбойдақтың өсиеті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика