Абай Құнанбайұлы. Балалық өлді, білдің бе?

Oinet.kz 28-08-2019 1009

1549902331_content_700x455.jpg

Балалық өлді, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті, көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

Кім біледі, сен кәпір,

Баяндыдан сөндің бе,

Баянсызға төндің бе?

Әлде, айналып, кім білер,

Боталы түйе секілді,

Қорадан шықпай өлдің бе?

Абай Құнанбайұлы. Назарға
Абай Құнанбайұлы. Рахым шалға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу