Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
"Өзін-өзі дамыту" нарығы 2016 жылы $ 9,9 миллиардқа бағаланған. Сонша вебинарлар, тренингтер, воркшоптар, кітаптар, коучингтер және бизнес-тренерлер мен мотивациялық спикерлерден басқа да өнімдер осы сомманы құрап отыр. Бұл іс-шаралардың құндылығы неде және ол жұмсалған ақша мен уақытты өтейді ме?
Сонда осы уақытқа дейін адамдар өзін танымай келгені ме?
Сонша кітаптарда не жазыла береді?
«Кради как художник» па екен, әлде?
Өзін-өзі дамыту бойынша қазіргі заманғы әдебиет сонау заманғы философиялық жұмыстардан бастау алады. Осы нарықта Дейла Карнеги пайда болғанға дейін, 1902 жылы, алғаш рет пе белгісіз, журналист Джеймс Аллен «Как мыслит человек» кітабын шығарған. Онда ол ойдың мінез-құлқына, өмір жағдайына, физикалық денсаулығына, мақсатқа жетуіне әсерін сипаттайды.
Жеке өсу бойынша әдебиеттің танымалдығының өсуі толқулар мен дағдарыстар кезіне тура келген екен. Дейл Карнеги танымалдығы да XX ғасырда Ұлы депрессияның кезіне тұспа-тұс келеді.
Технологиялардың жылдам дамуы мамандардың өзін-өзі дамыту бағытындағы жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Бұрын кітапты жариялау үшін ұзақ тер төгуге тура келеті, ал қазір барлық керекті құрал-сайман жұмыс үстеліңізде. Тіпті copy-past жасай аласыз. Білдіртпей...
Сондықтан болар блогтар өзен-өзен, арна-арнаға бөлініп ағылып-төгіліп осы бағытта жан-жақтылығын көрсетіп жатыр. Алайда бәрі де бір-бірінің мазмұндамасы секілді. Ал өзін-өзіне көмек көрсету бағытындағы әдебиеттер арықтау жайлы, қарым-қатынастар жайлы кітаптар тізбегін үдейтті.
Тіпті жұлдыздар да кеңес беретін бөлек текше қалыптасты. Бірақ оның артында тым болмағанда теңдесіз тәжірибе тұрса ғой\, жоқ, тек ағыл-теңіз ғажайып тренингтер ғана.
Соншама кітапты қалай сатып жатыр? Оларды кімдер алып жатыр?
Жалғыз АҚШ-тың өзінде 5 000 мотивациялық спикер жұмыс істейді. Танымал аудио және баспа кітаптар, осы әрбір тауашада адамдар жылына $ 800 млн қаржыны құрайды. Жеке коуктерден – миллиардқа жуық табыс. Ал арықтау бағдарламасына ең үлкен сұраныс: бұл тауаша жылына $ 4,7 млрд әкеледі-міс.
Маркетинг және жарнама.
Бір нәрсе сатып алу – бұл көбіне эмоционалдық шешім, оған өнімнің сапасы ғана емес, сонымен қатар оның тұсаукесері де әсер етеді: осылайша, біз дүкендердегі витринадағы әдемі безендірілген тауарларды көзді жұмып сатып аламыз. Көбісі оқылмайды да, ол кітаптардың бізде бар екендігінің өзі бізге атақ беріп тұратындай. Мақтаныш па екен?
Мұндай сарындағы кітаптарды біздің маңызды деп есептейтініміз бар. «Как стать богатым за 6 простым шагом» кітабын сатып алдық, бір-екі түсініксіз терминнен кейін, ол кітапты шаңдатып сөреге қоя саламыз. Нәтиже: Бізде осындай кітап бар.
өзін-өзі дамытатын, кейде байытатын кітаптар іске жарайды ма?
Роберт Кийосаки
Оның 2 ірі бизнесі құрдымға кеткеннен кейін, басқаларды финансқа үйрете бастады.
Наполеон Хилл
Бірнеше рет алаяқтық бойынша айып тағылған.
Дәрісші/ кітап авторы. Бүгінде белгілі спикер Тони Роббинс өз мансабын мотивациялық жаттықтырушы Джим Ронның көмекшісі ретінде бастаған. Сондай-ақ ол НЛП басшысы Джон Гриндермен бірге жұмыс істеген, содан кейін ол техниканы қанық меңгеріп, осы салада дәріс бере бастайды.
Джим Ронның өзі "тікелей сату" (МЛМ) технологиясы бойынша дистрибьютор болып жұмыс істеді, ал табысқа жеткенде – нәтижелерге қол жеткізудің өз әдістері жөнінде сабақ бере бастады.
Роберт Кийосаки оның 2 бизнесі банкротқа ұшырағаннан кейін инвестициялау және жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы болады. Ал Наполеон Хилл, "Думай и богатей" бестселлердің авторы, бірнеше рет алаяқтық жасаған.
Сондықтан, егер де шынымен де тренингтерге қатысу, кітап сатып алу пайдаңызға жарасын десеңіз, өмірлік жолы сізге түсінікті, қызықты және үндес авторды немесе коучты таңдау керек.
Біз ақпараттардың үйілген заманында өмір сүредіз. Олар жыл сайын үш есеге көбеюде. Сондықтан адам миы жинақы мәліметтерді іздейді. Тіпті қарапайым мысал, үйдің өзі таза тұрса демалып қаламыз ғой.
Сол себептен кітаптарда бәрі жеңілдетілген түрде беріледі, бақытқа , байлыққа жетудің оңай жолдары.
Негізінен ми елестетілген нәрседен шынайылықтың ара-жігін онша ажырата бермейді, ол ғылымда дәлелденген. Біз өзіміздің табысқа жеткенімізді елестете отырып, ішіміздегі мотивацияны тұншықтырамыз. Өйткені әлгі қиялды, ми ендігі жүзеге асырдық деп қабылдайды. Тренингтерде жиі сізді гипноздайтын техникалар қолданылады.
Иллюзия.
Ақпарат алуға ақшамыз, уақытымыз кетіп жатыр делік, ал сол білімді шынайы өмірде, тәжірибеде қолданып жатырмыз ба? Шынайы проблемалар жоғалмайды, біздің санамызда тек «мен оқып жүрмін, ізденіп жүрмін» деген иллюзия ғана қалыптасады.