Шымкент: Түйткілді мәселелер әкімнің бақылауында

Oinet.kz 10-04-2024 656

Screenshot_7.png 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында - 40, Қаратау ауданында - 53, Тұран ауданында - 8, Еңбекші ауданында - 38 қазылған жер анықталды.

Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті. Сонымен қатар аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларының жұмыстарын бағалау қала тазалығымен байланысты екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбеков саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жүйесін заң талаптарына сәйкес атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, қала әкімі 10 сәуірде азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды.

Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды.

Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200-ден аса азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді.

Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.


Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы басталып кетті
Шымкент: Батысқа көмектің екінші легі аттанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу