Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы басталып кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.
Бүгінгі бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалау жұмыстары басталып кетті. Алғашқы бірінші аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулаларды тазалап жатыр. Қазіргі кезде көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналуда. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялыр қызметі хабарлады.
Ағаштардың түптері әктеліп, көгалдандыру жұмыстары да жүруде. Аялдамалар жөнделіп, ретке келтіріліп жатыр. Акцияның бірінші күні тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды өтуде. Акция аясында «Таза өлке» апталығы көшелерді тазалаудан басталды. Аялдамалар жуылып, бұзылған жерлері ретке келтіріліп, адамдарға қолайлы жағдай жасалуда.
Сондай-ақ, ағаштардың түптері әктеліп, жол жиегіндегі жиналған топырақтардан тазартылды. Сонымен қатар жол бойына ақ жолақтар сызылып, жолдың жиегіндегі қорғаныш темірлер сырланды.
Айта кету керек, бұл акция Қазақстанда жаппай бастау алды. Ондағы негізгі мақсат- экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.