Тышқан ұстаушы ойыны

Oinet.kz 01-06-2019 1193

7e24d7faf952f76a8fe5ff4f39a6464f.jpeg

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. 

Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды.

Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады. 

Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып, 

Кеттіңдір ғой көбейіп. 

Кемірумен жазаладың, 

Сазайыңды берейік. 

Сақтаныңдар, сақ болыңдар, 

Сендерге де жетеміз. 

Құрған торға тап болыңдар, 

Сендерді қор етерміз! 

Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. 

Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. 

Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі). 

Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. 

Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. 

Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Балаларға арналған қу түлкі ойыны
Әткеншек ойыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу