Әдептілік, адамгершілік жайлы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 30-06-2019 14499

Screenshot_6.jpg

Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.


Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.


Әдепсіз бала

Ауыздықтан атпен тең


Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең.


Әдептің не екенін

Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.


Аға әдепті болса,- іні әдепті

Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.


Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.


Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.


Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.


Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.


«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.


Әдепсіз өскен адамнан

Тәртіппен өскен тал жақсы.


Жаман адам кетсе,

Дүние кеңіп қалғандай.

Жақсы адам кетсе,

Дүние кеміп қалғандай.


Жақсы сыйлағанның құлы,

Жаман қорыққанның құлы.


Жақсының соңынан көп ереді,

Жаманның соңынан шөп ереді.


Адам деген ардақты ат.


Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.


Еңбек адамның көркі,

Адам заманның көркі.


Біреу, біреуге сүйеу.

Талабы жоқ жас –

Қанаты жоқ құс.


Ормансыз жер - жалаңаш,

Армансыз ер - жалаңаш.


Адамның күні адаммен.


Бітер істің басына,

Жақсы келер қасыңа.


Сырласуға дос жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.


Ақ сауыттың жағасы бар,

Жеңі жоқ.

Шын жақсының ашуы бар.

Кегі жоқ.


Ақылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.


Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Науша хан (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу